|
Халқымыз «Ұстаздық ету – талабы қашанда таусылмайтын, заманы ешқашан ескірмейтін кәсіп» - деп, мұғалім мамандығына ерекше ықылас танытқан. Иә, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздарымыздың төл мерекесі де келіп жетті. Табиғаттың тамаша мезгілі, алтын күзбен тіркесе келген кәсіби мереке - ұстаздар күні карантин талаптарына сақтай отырып, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде "Ұстаз – ұлағатты есім" тақырыбында аталып өтті. Мерекелік шара фойеде орналасқан шығармашылық жұмыстардың көрмесі мен экран арқылы ардагер ұстаздардың құттықтауларын көрсетуден және мереке иелеріне гүл шоқтарын тарту етуден бастау алды. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов оқушылар қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарды аралап, оң бағасын берді. «Кел, балалар, оқылық» әнімен сахна шымылдығы ашылған соң, аудан басшысы ұстаздар қауымына деген ізгі тілегін жеткізді. «Мұғалім болу өте қиын, қазіргі жағдайда Сіздердің атқарып отырған еңбектеріңіз жоғары бағалануда. Әр баланың көңілін тауып, оларды білім нәрімен сусындатып, өмір жолына шығарып салу деген үлкен еңбек. Сондықтан Сіздерге осы
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:09 |
|
Толығырақ...
|
|
Үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен бастап өтініштер мен жұмыстың сапасына талапты барынша күшейтетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілген болатын. Оның аясында азаматтарға қандай кепілдіктер берілетіні және оның қандай мәселелерді реттейтіні жөніндегі сұрақтарды талқылап, түсіндіру мақсатында аудандық әкімдікте Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Батырбекұлының қатысуымен семинар-кеңес болып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Даулетов төрағалық еткен жиынға аудандық соттың төрағасы Ерғазы Тілеубеков, бөлім, мекеме басшылары, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жеке сот орындаушылар мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Басқосуда алдымен сөз алған Ғалым Құлекеев Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің негізгі жаңашылдықтарын, оның мәні мен әкімшілік органдардың қызметіне әсері жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, жаңа Кодекстің жария-құқықтық даулар бойынша сот ісін жүргізуді ғана емес, әкімшілік рәсімнің өзін де реттейтінін атап өтті. Ол жаңа Кодекс нормаларын түсіну және практикада дұрыс іске асыру Қазақстанда әкімшілік
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:05 |
|
Толығырақ...
|
|
Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, заң, әлеуметтік, тұрғын үй туралы толғаныстарын жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның өздерін толғандырған жеке мәселелерін тыңдап, бірқатарына заң талаптарына сәйкес жауап берді. Бірінші болып қабылдауға келген Базарбай ауылының тұрғыны Талант Сәрсенбаев ауылда мәдени клубтың жоқтығы жайында, жолдың жағдайы нашар екенін және де түнгі мезгілде жарық беретін трансформатордың күші жетпейтіндігін айтты. Ауыл тұрғынының мәселесіне қатысты аудан басшысы тиісті мекемелерден жауап алатындығын және алдағы уақытта бұл
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:00 |
|
Толығырақ...
|
|
Бүгінгі күнге қоғамдық орындарды абаттандыру, сыртқы безендіру және санитарлық тазалықты қалыптастыру мақсатында, ауылдық округтерде 8 сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, бекітілген іс – шаралар жоспарына сәйкес, аудан бойынша екі айлыққа жалпы 7 251 адам қатысып, 2 087 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Кеңестің күн тәртібіне орай, «Аудан аумағында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін күзгі абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалықтың екі айлығының барысы туралы» есеп берген аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Мекебаев аудан орталығында орналасқан мекемелер мен білім беру нысандары қызметкерлерін тарта отырып, сенбі күндері «Тараз-Сарыкемер» автомобиль жолының бойына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылғанын, жол бойын қоқыстардан тазарту, ретсіз өскен бұталарды шабу және талдарды әктеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Сенбілік жұмыстары нәтижесінде 83
|
|
Обновлено 06.10.2021 11:56 |
|
Толығырақ...
|
|
День труда — один из самых молодых праздников в календаре Казахстана, установленный Елбасы в 2013 году, и который отмечается в последнее воскресенье сентября. Как подчеркивал Нурсултан Назарбаев в своей программной статье о социальной модернизации Казахстана, “настоящий человеческий труд был и остается единственным инструментом достижения высших благ мировой цивилизации”. И значит наша задача - прививать молодому поколению идеалы и ценности труда.
Отмечая этот праздник, мы стараемся поддержать тех, кто трудится, создать им условия для реализации внутреннего потенциала и поддержания их достоинства. Тем самым мы отдаем дань уважения и почитания, признания заслуг и многогранного вклада в развитие государства. По словам Президента К.Токаева: “Мы воздаем должное нашим труженикам, усилиями которых Казахстан достиг успехов в своем развитии... И особая благодарность нашим ветеранам”. Так сложилось, что каждое новое поколение учится на мудрости старших, их опыте и нравственных качествах. Есть старая добрая истина: возраст определяется не количеством прожитых лет, а состоянием души. Это напрямую касается Анипы Ниятовны Есетовой, чья трудовая деятельность является яркой иллюстрацией древнему девизу: «Клятва Гиппократа – превыше всего». Эта женщина по-прежнему полна сил, энергии и желания работать и помогать людям. Сейчас, когда весь мир встал на борьбу с
|
|
Обновлено 06.10.2021 11:51 |
|
Толығырақ...
|
|
|