|
Түркі өркениетінің ошағы, тарихы терең Тараз – тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Мұны айғақтайтын тарихи негіздер, мазмұнды мысалдар жетерлік. Бұл туралы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми конференцияда жан-жақты айтылды. Жиынға отандық және АҚШ, Түркия, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген ғалымдар қатысты.
 Аймақ басшысы ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген ұлттық құндылықтарды, ерекшелігімізді саралай отыра, жалпытүркілік өркениеттің мәдени дамуы мен тарихи өркендеуіне
|
|
Обновлено 25.10.2021 10:04 |
|
Толығырақ...
|
|
Әдеттегідей тағы да баспасөзге жазылу науқаны басталып кетті. Басшылықтың басты мақсаты – облыстық ата басылым «Aq jol» газетінің ақиқатшыл жолын жалғастыру. Осы мақсатпен «AULIЕATA-MEDIA» ЖШС-і бас директоры Нұрбек Бекен мен газеттің бас редакторы Оралхан Дәуіт Байзақ ауданында болып, газет оқырманымен жылы жүздесу өткізген еді.
 Байзақ ауданында оқырманмен өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, облыстық ата басылым «Aq jol» газетінің аймақты рөліне тоқтала келіп, сөзді «AULIЕATA-MEDIA» ЖШС-і бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаевқа
|
|
Обновлено 25.10.2021 10:05 |
|
Толығырақ...
|
|
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи – этномәдени кешенінің аумағында ұйымдастырылған Байзақ ауданының күндері «Туған жерім – дархан далам» тақырыбына арналды.

Тараз қаласымен іргелес орналасқан байзақтықтардың берекелі де мерекеге толы күндеріне келген қала тұрғындарына ауа – райының қолайсыздығы да кедергі бола алмады. Аудан күндері бағдарламасына сәйкес, шаһар тұрғындарына аудан дихандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық этномәдени орталықтар мен қол өнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер және де аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
|
|
Обновлено 13.10.2021 12:47 |
|
Толығырақ...
|
|
Еліміз бойынша Ұлттық санақтың екінші кезеңі, яғни, үстіміздегі жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында негізгі халық санағы өткізіліп жатқаны белгілі. Осыған орай, кеше аудандық статистика басқармасының басшысы Дамир Нұрабаев пен аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Жасұлан Үсенбаев ауданның қарт тұрғындарын аралап, халық санағы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Алдымен топ мүшелері Суханбаев ауылдық округінің Жақаш елді мекеніне ат басын бұрып, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, ІІ топтың мүгедегі Өнербай Молдабаевтың отбасында болды. Өздерінің келу мақсатын түсіндірген топ мүшелерін бүгінде 96 жастың табалдырығын аттаған қарт майдангер жылы шыраймен қабылдады. - Туған жердің бостандығы мен азаттығы үшін қолына қару алып, жауына оқ болып атылған ардагерге құрмет көрсету - бүгінгі ұрпақтың міндеті, - деген Дамир Темірбекұлы, ел
|
|
Обновлено 13.10.2021 12:43 |
|
Толығырақ...
|
|
«Туған елге туыңды тік» - демекші, Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік елді мекеніндегі «АС» шаруа қожалығы, яғни, ағайынды Сарманқұлұлдарының өскен өлке еншісіне елеулі дүниелерді тартулап келе жатқанын ыстық ықыласпен айтуға болады. Соның нақты бір дәлелі – өткен сенбіде Тегістік ауылында ел игілігіне ұсынылған шағын футбол алаңшасы. Жас ұрпақтың шыңдалуына жол ашып, ауыл жастарына есігін айқара ашқан «АС» шаруа қожалығы иелерінің бұл игі шарасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, оған ағайындылар арасында дүниеден ерте қайтқан, ішкі істер қызметінде ел тыныштығы күзетінің ардагері, марқұм Елдос Сарманқұлұлының есімі берілгенін айту ләзім.
Ойын алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, облыстық білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Шарада сөз алған аудан басшысының орынбасары Болат Мырзаханұлы: «Спорт – денсаулық кепілі, денсаулық адам өмірінің негізі. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп,
|
|
Обновлено 13.10.2021 12:40 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1031 1032 1033 1034 1035 1036 1037 1038 1039 1040 Келесі > Соңғы >>
|