Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Аудандық мәслихаттың «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының» кезекті отырысы өткізіліп, оған аудандық мәслихат депутаты Мырзағали Мадимаров төрағалық етті.
Күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң, «Байзақ ауданында аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының атқарылуы туралы» мәселесі бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Айтқұлов баяндама жасады.
Жарқынбек Әбдіманапұлы осы жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 4 988  адамды қамту үшін оларға республикалық, облыстық және жергілікті бюджет есебінен барлығы 482812,0 млн. теңге қаржы қарастырылғанын атап өтті. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке 893 отбасы қайырылса, олардың ішінде 118 отбасына тағайындаудан бас тартылып, 775 отбасындағы 4 328 адамға 176933,1 млн. теңге тағайындалып, 726 отбасындағы  4 075 адамға 156620,0 млн. теңге төленген. Сонымен қатар, 674 отбасымен (3916 адам) әлеуметтік келісім-шарт жасалынған. Жалпы, еңбекке қабілетті 1 251 адам болса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 297 адам тартылыпты. Жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 200 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде 140 отбасы мемлекеттік грант алған.
Нәтижесінде, жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 306 отбасы, 1 716 адамға

Обновлено 15.10.2021 18:09
Толығырақ...
 
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 8-ші қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының ғимаратында орналасқан «Сервистік әкімдік» кеңсесінде аудандық жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өткізілген «Онлайн жәрмеңкеге» аудан әкімдігі ұйытқы болды.

Онлайн жәрмеңке әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде өтті. Жәрмеңкені өткізудің мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты кеңінен

Обновлено 15.10.2021 18:05
Толығырақ...
 
“ДҰРЫС ТАҢДАЛҒАН МАМАНДЫҚ - БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН КЕПІЛІ”

Мырзатай орта мектебінің базасында «Дұрыс таңдалған мамандық -  болашақтың жарқын кепілі» тақырыбына арналған кездесуге Роза Жұмасаева басқаратын аталған мектеп ұжымы мен аудандық балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы бірлесе ұйытқы болды.

Оқушылардың таңдаған мамандықтарына жүйелі көзқарастарын қалыптастыру  мақсатын көздеген шараға аудандық соттың төрағасы Ерғали Тілеубеков, аудан прокурорының көмекшісі Еркін Алмаханов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, аудандық мәслихаттың депутаты Бағдат Момынов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша

Обновлено 25.10.2021 10:04
Толығырақ...
 
“ҚАРТТАР - ТАРИХ, ҚАЗЫНА, ЕЛ ТАРИХЫ”

Аудандық балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Зухра Салиева және  «Жас сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Жалғас Алданбек үйірме оқушыларымен «Қарттар-тарих, қазына, ел қазығы» атты шара өткізді. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай, есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында, ауылда тұрып, көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық қызмет атқарған Оразалы Ермекеновтың шаңырағында қонақ болды.


Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, құттықтау сөздерін айтып, әкелген сый-сыяпатын табыс етті. Оразалы Ермекенов балаларға өз тәлім-тағылымдарын айтып, өнегесін көрсетті.

Обновлено 15.10.2021 17:55
Толығырақ...
 
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарының талаптарын орындау тақырыбына арналған дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясында өтті.

Басқосуды ашқан аталған инспекцияның басшысы жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке, жалпы адам баласына тигізетін зиянына тоқталды. Ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жұмысын қолға алу күн тәртібінде талқыланады. Соған байланысты мемлекеттік деңгейде Қазақстан

Обновлено 25.10.2021 10:04
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1031 1032 1033 1034 1035 1036 1037 1038 1039 1040 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2077
mod_vvisit_counterКеше2798
mod_vvisit_counterОсы аптада4875
mod_vvisit_counterӨткен аптада43019
mod_vvisit_counterОсы айда62401
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4424559

Серіктестер