|
Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімі аумағында 26 тамыз күні болған өрт пен жарылыс көпшіліктің есінен біразға дейін шыға қоймасы анық. Өйткені, төтенше жағдай кезінде 17 азамат көз жұмып, 1 адам хабар-ошарсыз кетті, 100-ге тарта маман жарақат алды. Енді, еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі облыс әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алған.
ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
«Банктермен»,микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізілген жүмыстарымыз нәтижесіз емес. Төтенше оқиға салдарынан қайтыс болғандар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді», - деп атап өтті Бердібек Машбекұлы. Сонымен қатар, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына каржылай көмек көрсетілуде. Нақтылай айтканда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде 17 шаңыраққа 1,9 млн. теңге көлемінде қаржы берілді. Мұның төменгі мөлшері 13 084 теңге болса, ең көбі - 152 850 теңге. Аймақ басшысының айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен республикалық бюджет қаражаты есебінен де 14 отбасыға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Бұл жәрдемақының мөлшері асырауындағы адамдардың санына қарай ай сайын 76 мыңнан 260
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:36 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аппарат басшысы Еркін Заурбековтің төрағалығымен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және де аудандық құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өткізілді. Алдымен аудандық құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес, «Аудандық полиция бөлімінің 2021 жылдың 9 айында ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы» полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Исмаиловтың есебі тыңдалды. Сондай-ақ, «2021 жылғы екінші тоқсандағы өткен аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасындағы іс-шаралардың орындалуы туралы» Көктал ауылының әкімі Серік Кайпулдаев пен «2021 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылықтардың, суицид және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы» Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:28 |
|
Толығырақ...
|
|
«ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ – «ЖАС ҰЛАН»
Еліміздің Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Айтулы мереке қарсаңында өткізіліп жатқан көптеген іс-шаралар жақсы нәтижесін көрсетуде. Соның ішінде «Тұғыры биік Тәуелсіз елдің ұрпағы – «Жас Ұлан» тақырыбында Жаңатұрмыс ауылы Ақшолақ орта мектебіндегі салтанатты кеш. Балалар шығармашылық орталығының жетекшілері Еркін Сайлауұлы мен Гүлдана Еркінқызының ұйытқы болуымен өткізілген шараға оқушылар белсене қатысып, өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Зәуре Сатылғанованың қатысуымен өткен салтанатты кеште Ақшолақ мектебінің оқушылары Жас Ұлан ұйымына қабылданды.
Аймақ тәлімгерлері.
АЛАШ МҰРАСЫ - ЖАСТАРҒА НАСИХАТ
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында»
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:25 |
|
Толығырақ...
|
|
Дәстүр бойынша 1 қазанда - бүкіл әлемдік қауымдастық Халықаралық қарт адамдар күнін атап өтеді. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ
|
|
Обновлено 06.10.2021 12:18 |
|
Толығырақ...
|
|
Ардагерін ардақтап, қариясын қадірлеген егемен елімізде қарттарымызға қашанда лайықты құрмет көрсетілуде. Алғашында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде аталып өтілетін болды. Ал, 1990 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы қазанның бірінші жұлдызын «Халықаралық қарттар күні» деп бекітті.
Халықаралық қарттар күніне орай, аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қатысып, қазыналы қарттарды мерейлі мерекемен құттықтады. – Осынау салтанатты сәтте сіздерді, сіздер арқылы ауданымыздағы бүкіл ардагерлер қауымын 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр - қайраттарыңыз бен ақыл -кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимын. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін. Мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт - береке, бірлік тілеймін, – деді Бақыт Алпысбайұлы. Бұдан соң сахнаға көтерілген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков қарттарды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара аясында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқаны және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқандары үшін бірқатар ардагерлерге облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хаттары мен «Ауданның Құрметті ардагері» атақтары және аудандық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары табысталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. |
|
Обновлено 06.10.2021 12:12 |
|
|