Онлайн газет



АУДАНДЫҚ МАКЕТТЕР БАЙҚАУЫ

Абай атындағы орта мектебінде «Ризашылық - мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени - білім беру жобасы аясында «Тараздың бүгіні мен ертеңі» тақырыбында аудандық  макеттер  байқауы өткізілді.

Мектеп директоры Гүлшариат Асубаеваның басшылығымен және аудан әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Эльмира Шолпанқұлованың ұйымдастыруымен өткен байқаудың мақсаты - кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл талантты педагогтарды анықтау болды.  Байқаудың өз деңгейінде өткізілуіне мектеп директорының орынбасарлары Ләззат Құлжабаева, Шолпан Тасбауова, Әзима Талдаевалар өз үлестерін қосты.
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты жиырма екі мектеп қатысқан байқауға

Обновлено 13.03.2019 11:20
Толығырақ...
 
ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ТОП ЖАРДЫ

Орталық стадионда орналасқан спорт кешенінде Сарыкемер ауылындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен бокстан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Нұржаубаев Жандос Жемісбекұлын еске алуға арналған Жамбыл облысының чемпионаты

Обновлено 13.03.2019 11:15
Толығырақ...
 
ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Үстіміздегі жылдың 1-8 наурызы аралығында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде тәрбие орталығының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, 1 наурыз - Алғыс айту күнінде мектеп оқушылары флешмоб билеп, ұстаздарға алғыс білдірді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Шақырады көктем» атты ән би байқауына 1-4 сынып оқушылары қатысты. Бас жүлдені 4 "ә" - сыныбы (жетекшісі А.Рапилбекова),  І-ІІ орынды 1 "ә" - сыныбы (жетекшісі Ж.Сырлыбаева), ІІІ орынды 2 "ә" - сыныбы (жетекшісі М.Акмурзаева) иеленді.
8-11 сынып қыздарының арасында өткізілген «Ал, қанекей қыздар» сайысында бас жүлдені

Обновлено 13.03.2019 11:13
Толығырақ...
 
ӘЛЕМГЕ ӘДЕМІЛІК СЫЙЛАҒАН...

Қымбатты аналар, аяулы арулар!

Баршаңызды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Ана - қоғамның тірегі, отбасының шуағы. Өмірдегі барлық ізгілік пен құт - береке Ана жүрегінен бастау алады.
Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауы мен Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тірегі - халық, шаңырағы - тәуелсіздік, тілеуқоры - ақ жаулықты Ана. Барлық Ана Отанының тыныштығын, ұлтының бірлігін, елінің  тұтастығын, сәбиінің саулығын, жақынының амандығын қалайды. Болмысы – бекзат, жаны – жайсаң, парасаты – мол, жүрегі – шуақ, абзал Аналар аман болсын. Көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын.
Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасының жарасымдылығын тілеймін!

Рахматілдә Рахманбердиев,
аудан әкімі.

 

 

Құрметті әйелдер қауымы!

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз! Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

Құрметпен: «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі.

 

 

Қымбатты аналар, арулар!

Сіздерді көктемнің нұрлы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел – өмірдің гүлі, отбасының ұйытқысы, алтын қазығы. Сондықтан, бұл мерекенің баршамыз үшін орны ерекше. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар!
Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл - күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.
Жер - дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында, Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл - күй тілейміз!

Ізгі ниетпен: мәслихат депутаттарының атынан аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов.

 

 

Поздравляем Вас с прекрасным женским праздником весны - днем 8 марта! Крепкого здоровья Вам, счастья и радости. Пусть каждый день встречает вас солнечным светом и ароматом любимых цветов, а рядом всегда будут родные и любящие вас люди! Мира, счастья Вам и Вашим семьям!

председатель районного суда Ергазы Тилеубеков.

Обновлено 07.03.2019 19:35
 
ҒАСЫР ҚҰРДАСТАРЫ АРДАҚТАЛДЫ

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өңірімізде тұратын ғасырдан асқан, ғасырмен құрдас бір топ аналар құрметтелді.

Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев бір ғасырдан асқан, даңқты қызылшашы, Социалистік Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимованың үйіне арнайы барып, көктемнің шырайлы мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпатын табыс  етті.
101 жастағы абыз ана өткен өмір жолынан сыр шертіп, бүгінде немере-шөберелерінің қызығын көріп отырғандығын, еңбегінің арқасында ел-жұрттың құрметіне

Обновлено 07.03.2019 19:31
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1491 1492 1493 1494 1495 1496 1497 1498 1499 1500 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2619
mod_vvisit_counterКеше3078
mod_vvisit_counterОсы аптада15086
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда5697
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4367855

Серіктестер