Онлайн газет



ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Уақыт өткен сайын хақ дініміз Исламның діңгегі нығайып, аудан аумағында имандылық үйлері қатарға қосылып, жамағатқа қызмет көрсетуде. Қасиетті жұма күні әрі мерекеге байланысты Кеңес ауылында жаңа мешіт үйі пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда, ауыл тұрғындары діни мерекелер мен жұма намазын көршілес ауылдарға, кейбірі аудан орталығына барып өтейтін. Себебі, мұнда алғашқы жылдары намазхана жұмыс істеп, кейіннен ол да өз жұмысын тоқтатқан болатын. Он жылдан астам уақыт құрылысы саябырлаған мешіттің қайта жандануына түрткі болған ауыл әкімшілігі екенін атап өтпей болмайды.
Өткен аптаның жұмасы, сегізінші наурыз күні – кеңестіктер үшін бұл мәселенің шешімін табуымен есте қалғаны даусыз. Олардың көптен бергі тілегі қабыл болып, елдімекенде Кеңес ауылдық мешіті ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев, облыстық "Һибатулла" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов, "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов, сондай-ақ «Кеңес» ауылдық мешітінің іргетасын қалап, айшығын қадап, мұнарасын тіктеген – ауыл азаматтары, бүгінде жеке кәсіпкерлер Мұстафа Қалиев пен Болат Әлімбетов, қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мешіттің ашылу құрметіне осы ауылдың тумасы, республикалық жас қарилер байқауының жеңімпазы Дулат қари Болатұлы құран оқыды. Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы дініміз бір, дәстүрді сақтай білген халық екендігімізге және Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық кодты сақтау, туған жер мәселелеріне қатысты ой қозғап, ауыл тұрғындарын мешіттің ашылуымен құттықтай отырып, мешіт құрылысымен айналысқан атпал азамат Мұстафа Қалиевке ризашылық сезімін білдірді. Бұдан кейін облыстық "Һибатулла" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов та барша қауымды қуанышты сәттерімен құттықтап, үш тілде жазылған Құран Кәрім мен "Ұлы дала темірқазығы" атты кітаптарды сыйға тартты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Пернебаев Нұрболат Асхатұлы бас имам, Жайлауов Ғали Олжабайұлы наиб имам болып тағайындалғанын жеткізді. Облыс имамы атынан ел игілігі жолындағы сауапты істері үшін Мұстафа Әкімжанұлы мен Болат Қолағұлұлына Алғыс хат табыс етті.
Мұстафа Қалиев те іргетасы сонау 2007 жылы қаланған мешіт құрылысының бүгінде аяқталғанына, осы мақсатта көмек қолын созып, мешіттің бітуіне атсалысқан бірқатар азаматтар мен ауыл халқына алғысын жеткізді. Ал, қуанышында шек жоқ тұрғындар атынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермаханбетов сөз алып, жамағаттың ізгі тілегін орындаған Мұстафа Әкімжанұлының иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.
Бұдан соң ғибадат үйінің лентасын облыстық "Һибатулла" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев, Көптерек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермаханбетов пен Мұстафа Қалиев салтанатты түрде қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты.
Мешітте "Салиқалы әйел адамның сипаттары" деген тақырыпта уағыз айтылып, алғашқы жұма намазы оқылды. Ел ағалары мен имамдар аталы сөз, әсерлі уағыз айтып, халықты бірлікте, ынтымақта болып, осындай игі істерді көптеп жасауға шақырды. Ауыл көркін ашқан мешіттің ашылу салтанатына жиылған көпшілікке ас беріліп, құран оқылды.
Мешіт - жамағатымен көрікті. Қазіргі таңда, аудан бойынша - 28-інші, ал, облыс бойынша 299-ыншы болып тіркеліп, 120 адамға арналып салынған мешітте ерлер мен әйелдер залы, 200 орындық асхана мен жастарды ілімге баулитын медресе де бар.
Діннің мақсаты – елді ұйыту, ұйыстыру екенін ескерсек, Кеңес ауылындағы бұл имандылық үйі ауылдың ауызбіршілігінен туған, енді жамағаттың бауырмалдығы үшін қызмет ететін болады.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

 
КИНОТЕАТР ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Бурыл ауылында кәсіпкер Ғалымжан Мақұлбаевтың демеушілігімен «Астана-парк» кинотеатры ашылды.
Жаңа кинотеатрдың ашылу салтанатына жиналған жұртшылық алдында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев құттықтау сөз сөйледі.

Аудан басшысы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірімізде іргелі жұмыстар қолға алынғандығын атап өтіп, ел игілігіне берілген кинотеатр тұрғындар мен өсіп келе жатқан жастардың

Обновлено 13.03.2019 11:33
Толығырақ...
 
АБЫЗ АНА АРДАҚТАЛДЫ

Аймақтың өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп, ауданға үлес қосқан ақ жаулықты әжелер қаншама?  Мереке қарсаңында, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен Суханбаев ауылдық округінің әкімі Қайрат Шалбаев ғасыр жасаған ананы көктем мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
1918 жылы Свердлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келіп, бүгінде Жақаш ауылында тұратын 100 жастағы әже Бибігүл Бейсеитова жастайынан еңбекке араласқанын, небір қиын кезеңдерді бастан кешкенін ерекше тебіреніспен

Толығырақ...
 
АЯУЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Мереке қарсаңында, Көптерек ауылы әкімінің аппараты және клуб меңгерушісі Гүлжамила Бейсебаеваның ұйымдастыруымен ауыл әкімі аппаратының ғимаратында мерекелік концерт өткізілді.
Ауылдағы ақ жаулықты аналарды атаулы мерекелерімен

Толығырақ...
 
КӨМЕК БЕРІЛДІ

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.

Осы мақсатта, аудан әкімдігі білім бөлімінің тарапынан да бірқатар қайырымдылық шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, білім бөлімінің ұйытқы болуымен Сарыкемер, Бурыл және Қостөбе ауылдық округтерінде тұратын аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен жеті бірдей отбасыға

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1491 1492 1493 1494 1495 1496 1497 1498 1499 1500 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2616
mod_vvisit_counterКеше3078
mod_vvisit_counterОсы аптада15083
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда5694
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4367852

Серіктестер