|
Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі сейілген жоқ. Вирус жұқтырмаудың бірден-бір жолы – бетперде тағып, тазалықты сақтау. Ғалымдар масканың коронавирус жұқтыру қаупін төмендететінін мəлімдеді. Осыған орай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Қалматаевқа жолығып, бетпердеге қатысты бірнеше сауалдарды қойған болатынбыз. - Бетперде тағу «ауру қаупін 30%-ға төмендетеді» деген пікірге сіздің айтарыңыз? - Бетперде - аурудың алдын алу мен сақтанудың бірден -бір жолы. Өз денсаулығымызды, сол арқылы жанымызда жүрген жақындарымыздың денсаулығын сақтайық десек, бетперде тағып жүруді естен шығармайық.
|
|
Обновлено 19.08.2020 09:41 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған мониторингілеу тобы зерделеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Соның нәтижесінде Сарыкемер ауылында орналасқан «Талка» дүкенінде азамат
|
|
Обновлено 19.08.2020 09:37 |
|
Толығырақ...
|
|
Үлгілі ауылдық округінде жалпы 2777 халық тұрады, оның ішінде 14-29 жас аралығында жастар саны 724. Жас толқын халық санының 26 %-ын құрайды. Ағымдағы жылдың 1 тамызына округ бойынша көлік салығының жоспары -162, жеке табыс салығының жоспары -140, жеке тұлғаның жер салығы 283, жеке тұлғаның мүлік салығы 185 пайызға орындалды.
Берекеге бастаған жол картасы
Елде қызу қолға алынған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттыру мен жұмыспен қамту ауқымын арттыруға бағытталған. Берекеге бастайтын бұл құнды құжат ауданымызға қарасты елді-мекенде де байыпты жүзеге асырылуда. Үлгілі ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 389 млн. 295,00 мың теңге қаражат бөлініп, тиісінше жұмыстар атқарылуда.
|
|
Обновлено 17.08.2020 11:01 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан аумағында әлеуметтік салада ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Бүгінде аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 4 736 адамы бар 811 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 4,4 пайызын құрайды.
2020 жылға арналған бюджетте әлеуметтік салаға 1284245 теңге қаржы қаралған, ал 2019 жылы 2710930 теңге бөлінген немесе 47,3 пайызға (1 425 808 теңге) кем. Себебі, 2020 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері енгізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың басым бөлігі көп балалы отбасылар болғандықтан, олар бөлек санатқа шығарылып, 4 және одан да көпбалалы отбасыларға кірісіне қарамай мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақы көлемі 42 500 теңгеден басталады және бала санына қарай артып отырады. Ал, атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға төленуде. Негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік көмек.
|
|
Обновлено 17.08.2020 10:46 |
|
Толығырақ...
|
|
Қазақ халқында ертеден келе жатқан «Асар» деген әдемі дәстүр бар. Мұның мағынасы тереңде жатыр. Кез келген адамға көп болып, жұмыла көмектесу қай заманда да болған. Демек, бүгінде көрші-қолаңға немесе ауылдас ағайынға тегін көмек қолын созу ерсі емес. Керісінше, оның алып келер көл - көсір пайдасы бар. Асар адамдар арасындағы ауызбіршілік пен ұйымшылдықты берік етеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мен аудан әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы жүзеге асырылуда.
 «Бірлік түбі – тірлік» деген тәмсілді берік ұстанған кеңестік тұрғындар елдімекендегі баспанаға мұқтаж бір отбасына үй салуды қолға алды. Бұл жобаны іске асыруға Көптерек ауылының ақсақалдар алқасы мұрындық болып, 1983 жылы туылған жастары қолдау көрсетіп іске асыруда.
|
|
Обновлено 01.09.2020 09:20 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1241 1242 1243 1244 1245 1246 1247 1248 1249 1250 Келесі > Соңғы >>
|