Онлайн газет



NUR OTAN ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ПРАЙМЕРИЗДІҢ БАСТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар!
Пандемия салдарынан Қазақстан бүкіл әлем елдерімен бірге күтпеген қиындықтарға тап болып, жаһандық дағдарыстың ең қиын кезеңін бастан өткеруде.
Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың күрт нашарлауы нәтижесінде дамыған мемлекеттер де дағдарыспен күресуде.
Мұндай жағдайда кез келген үкіметтің алдында тұрған ең өзекті мәселе – экономиканың дамуы және ел азаматтарының денсаулығы.
Бізге халықтың қауіпсіздігі мен амандығы үшін бар күш-жігерімізді салу маңызды.
Сондықтан Президентіміз, Үкіметіміз көп шараларды қолға алып жатқанын білесіздер.
Осы орайда медицина қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Олар пандемияның алғашқы күндерінен бастап коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.
Еріктілерге де алғысым шексіз.
«Біз Біргеміз!» акциясы аясында ғана «Jas Otan» барлық мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен

Обновлено 19.08.2020 09:56
Толығырақ...
 
АУДАН БЮДЖЕТІ - САН САЛАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

үстіміздегі жылы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өзіне жүктелген функционалдық міндеттер мен бағдарламаларды орындау бойынша жоспарлы жұмыс атқаруда.

Салалық бөлімдермен бірлесе отырып, ауданның негізгі әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген индикаторлық көрсеткіштерге, сондай-ақ серпінді даму көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ұсыныстар беріліп отырады.
Әр тоқсан қорытындысымен ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша материалдар жинақталып, талдау жұмыстары бойынша анықтамалар аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы отырыстарында қаралып, онда қабылданатын қаулылар жобалары ұсынылып отырады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері

Обновлено 19.08.2020 09:53
Толығырақ...
 
ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Қазақ ұлты өзінің өркениет жолындағы дамуында, этникалық ортада қалыптасқан заңдылықтармен дамып, өркендеп отырған. Өткен XVI-XVII ғасырларда қоғамдық мемлекеттік қарым-қатынастарды реттеуге, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» прецеденттік күші бар дала заңдары шығып, халықтың әдет-ғұрыптарын, тұрмысы мен салтын құрметтеп, әділетті шешу үшін басшылыққа алынған.

Бұл заңдардың негізінде Тәуке ханның толықтырған «Жеті жарғысы» дүниеге келді.Заңның ішкі және сыртқы саясатының басты мақсаты - қазақ ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтау болды.
Тәуке ханның бастамасымен қазақ қоғамындағы барлық қатынастар белгілі бір құқықтық принциптер негізінде реттеліп, бұрынғы заңдар жаңа заман талабына сай бейімделді. Жаңа

Обновлено 19.08.2020 09:50
Толығырақ...
 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАПАҒАТЫ МОЛ

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жолдағаны белгілі.

Мұндай маңызды тапсырмалардың бірі - тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету. Бұл орайда, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының аудан тұрғындарына тигізіп отырған шапағаты мол деуге болады.  Әсіресе, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, өз кәсіптерін ашып, істерін бастауға септігін тигізуі, қайтарымсыз грант пен төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін шағын несиелер болып отыр.
Осы мақсатта, бағдарлама аясында аудан бойынша жоспарланған 128 адамның орнына

Обновлено 19.08.2020 09:47
Толығырақ...
 
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ

Жақында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған ақын шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтудан онлайн байқау өтті.Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 17-35 жас аралығында 16 аудандық байқаудың жеңімпаздары қатысып, бақ сынасты. Дүбірлі додада  ауданымыздың намысын қорғаған  Нығметулла Киікбаев мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пән мұғалімі Ғайни Тыныштықова (суретте) бірінші  орынды жеңіп алды.
Сайыс жеңімпаздары мен барлық қатысушылар арнайы Дипломдар, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гаухар Таукебаева,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Обновлено 19.08.2020 09:45
 
<< Бірінші < Әуелгі 1241 1242 1243 1244 1245 1246 1247 1248 1249 1250 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4404
mod_vvisit_counterКеше10618
mod_vvisit_counterОсы аптада30544
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда45051
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4407209

Серіктестер