|
Аң аулау - ертеден қалыптасқан ұлттық болмысымызға тән салт. Аңшы десе көз алдымызға - жүйрік атты ерттеп мініп, соңына құмай тазыны ерткен, иығына берен мылтық асынып, қолына қыран бүркіт қондырған мол пошымды тұлға елестері анық.
Кеңестік Маратбай Өскенбайұлының да аңшылық өнерді жанына серік еткеніне көп жылдар болыпты. Алғаш қызығушылығы он жасынан басталған Маратбай ағамыздың әкесі Өскенбай құмай тазы баптап, онысын ұрпағына үйретіпті. Жақында аңшы М.Таласбаев аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы атбасын бұрып, бағзыдан келе жатқан рухани мұра – аңшылық жайлы ойымен бөлісті.

– Көшпелі қазақтың бар өмірі аттың жалында, түйенің қоңында өткендіктен жанына серік болар ит ертуі түсінікті әрине. Оның үстіне, жүйрік жылқы, ұшқыр тазы, қыран құс жігіттің көркі емес пе?
|
|
Обновлено 01.09.2020 09:17 |
|
Толығырақ...
|
|
Бүгінде елімізде жұмыссыздық деңгейін мейлінше төмендету – күн тәртібіне өткір қойылып отырған мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - Жастар практикасы. «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «Жастар практикасы» арқылы жұмыссыз жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.
Жастар практикасы – жоғарғы оқу орындары мен колледж бітіруші түлектерге мамандық алғаннан кейін алғашқы тәжірибе алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырған қосымша шара. Жастар практикасынан оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде, мамандығы бойынша жұмыс істемеген және 29 жастан аспаған жұмыссыз жастар өте алады. Бітіруші жас түлектер жастар практикасына барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен
|
|
Обновлено 26.08.2020 09:53 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен аптада аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 43 мекемелерде жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу іс-шарасы аясында, ZOOM бейне-конференциясы арқылы «2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері» атты тақырыпта онлайн форматта педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңеске білім беру мекемелерінің әкімшіліктері мен пән мұғалімдері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режімінде санитарлық талаптарды сақтау, 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режімі және жұмыс істеу қағидалары, қашықтықтан
|
|
Обновлено 26.08.2020 09:50 |
|
Толығырақ...
|
|
Құрметті байзақтықтар! Қымбатты «нұротандықтар»! Бүгінде жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясы өткен жылы Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия бағдарламасы талаптарын орындау мақсатында 2020 жылдың 17 тамызында ішкіпартиялық іріктеу праймеризін бастап кеткені көпке аян. Қоғам өміріндегі осындай мәні жоғары, мәртебесі биік айрықша оқиғаға орай «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барша отандастарына арнаған Үндеуі де жарияланды. «Nur Otan» партиясының сан-салалы қызметіне тың серпін беретін және партия жұмысын қайта жаңғыртуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның түпкі мақсаты партияның еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуына барынша үлес қосуға негізделген. Олардың алдыңғы қатарында Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне кепіл болған көпұлтты халқымыздың бірлігі мен мемлекет тұтастығын сақтау құндылығы тұр. Осындай қоғам алдында тұрған аса жауапты
|
|
Обновлено 24.08.2020 10:21 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімдігінде №6 сайлау округінен депутат Алмаз Большебековтың төрағалығымен алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХХХ сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібіне екі мәселе шығарылды.
Алдымен кезектен тыс сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, "2020 – 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №59 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтің баяндамасы тыңдалды.

Бұдан соң сессияның күн тәртібіне "Байзақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы" аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 қазандағы №54 – 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе
|
|
Обновлено 01.09.2020 09:18 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1241 1242 1243 1244 1245 1246 1247 1248 1249 1250 Келесі > Соңғы >>
|