|
Апта басында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті.

Аталмыш отырысты «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Шолпан Байтақова кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. - Ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы тіркеуден өтсе, бүгінде фракция құрамына
|
|
Обновлено 17.02.2021 10:56 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Онда «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова аудан тұрғындарын өз өтініштері бойынша қабылдады.
 Қабылдауға келген Диқан ауылының тұрғыны Алла Шакирова үстіміздегі жылғы қаңтар айынан бастап әлі күнге аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа берілетін жолдаманы ала алмай жүргенін жеткізді. Өтініш иесін мұқият тыңдаған Үміт Серікқызы аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының жауапты маманы
|
|
Обновлено 17.02.2021 10:54 |
|
Толығырақ...
|
|
Құрметті аудан тұрғындары! Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлер! Байзақ ауданына ағын судың аз келуінің себебі - Қырғызстан Республикасындағы су қоймадағы су деңгейінің төмен болуына байланысты туындап отырғанын хабарлаймыз. Жамбыл облысы «Қазгидромет» кәсіпорнының болжамы бойынша Жамбыл облысындағы таулы өзендер алқаптарына ылғалды жинау кезеңіндегі жауын шашын көпжылдық көрсеткіштен 30-62 пайызға аз түскен, таулардағы қардың қоры 40-82 пайыз аз жиналған. Бұл дегеніміз, ағымдағы жылы, өткен 2020 - жыл сияқты суға тапшы болмақ. Оған негіз бүгінгі күнге облысымыздағы негізгі су қоймаларындағы жиналған су жобалық көлемнің тек 12-ден 50 %-ын ғана толып отыр. Аса алаңдататын жағдай, Талас өзеніндегі Киров су қоймасына 50% судың жиналуы. Судың негізгі көлемі Қырғыз тауларынан құралатынын ескерсек, Қырғызстан Республикасы тарапынан Қазақстанға трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы беріліп жатқан су көлемін қысқартуы мүмкін. Қалыптасқан су шаруашылығы және климаттық жағдай облыс аумағы бойынша судың аз болуына әсер етеді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету бойынша қиындықтар тудыруы мүмкін екендігін назарларыңызға жеткіземіз. Аталған жағдайды ескере отырып, биылғы жылы суды көп қажет етпейтін дақыл түрлерін егуді ұсынамыз. Су тапшылығын азайту мақсатында: - тәлімді жерлерге сорғымен су беруді тоқтату; - 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде каналдар бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарын ұсына отырып, келісім-шартқа отыру (2021 жылдың 1 сәуірінен кейін су алуға қосымша келісім шарт жасалмайтынын ескертеміз); - суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын азайту шараларын ұстануымыз қажет. Ағын су тапшылығына байланысты сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйытқы болуымен ағымдағы жылдың 8-15 ақпаны аралығында жалпы республикалық “Парасат жолы” жобасының ашылу салтанаты өтіп, осы жобаның аясында аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» “Мұқағали – мәңгілік ғұмыр” тақырыбында кеш өтті. 9 ақпанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған еді.
 Алдымен “Парасат жолы” жобасы салтанатты түрде таныстырылып, оның үш тірегі “Өзара түсіністік, құрмет пен сенім» екендігі айтылды. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов «Парасат жолы»-адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба екендігін
|
|
Обновлено 17.02.2021 10:49 |
|
Толығырақ...
|
|

15 ақпан – Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. «Ауған соғысында от кешкендер» атты тақырыпта өткен шара Түймекент ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері, С.Сейфуллин орта мектебі мен «Шапағат» тәрбие орталығының ұйымдастыруымен өтті. Оған Ауған соғысының ардагерлері
|
|
Обновлено 17.02.2021 10:48 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1151 1152 1153 1154 1155 1156 1157 1158 1159 1160 Келесі > Соңғы >>
|