Онлайн газет



ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ

Жамбыл-ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі-әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.

Мұхтар Әуезов.

Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін XX ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, суырыпсалма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаев – өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға. Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны зор. Жамбыл қазіргі халық поэзиясы немесе Жамбылдың асқан ақындық өнері, оның тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі әдебиеттану ғылымының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі. Қазақ халқының ұлы ақыны, жиырмасыншы ғасырдың

Толығырақ...
 
ТАРИХТЫҢ МӘҢГІЛІК ТҰЛҒАСЫ

Түймекент ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі Миригул Дуишекованың ұйымдастыруымен жыр алыбы-Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына орай “Қазақтың Жамбылы” атты ойтолғау сағаты өткізілді.

Бұған ауыл зейнеткерлері, Түймекент, Ғ.Байтасов үлгі-тірек мектептерінің  мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шараға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың 13 жасынан өлең мен әнге құмар болып, кейін үлкен додаларға түсіп, атағы одаққа мәлім болғаны жөнінде ойларын ортаға салды. Аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің тілшісі, ардагер-ұстаз Кунтуған Ақназаров

Обновлено 01.03.2021 10:32
Толығырақ...
 
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту.
Атаулы әлеуметтік көмек, бұрынғыдай, табысы аз отбасыларға төленеді.  Бұл табысы аз отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және дағдарысты еңсеру үшін  олардың  ресурстарын  ынталандыруға бағытталған қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы

Толығырақ...
 
КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының тапсырысымен «Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитет пен діни негіздегі экстремистік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында діни ахуал шиеленістерінің ықтимал тәуекелдері басым аудандарда профилактикалық кешенді іс-шараларын өткізу» жобасы аясында іс-шаралар кешені

Обновлено 01.03.2021 10:29
Толығырақ...
 
КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының тапсырысымен «Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитет пен діни негіздегі экстремистік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында діни ахуал шиеленістерінің ықтимал тәуекелдері басым аудандарда профилактикалық кешенді іс-шараларын өткізу» жобасы аясында іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.
Алдымен іс-шара  №1 мектеп-гимназияда, одан кейін №3 Байзақ колледжінде, түске таман “Байзақ баба” мешітінде өтті.  Айтулы шараға қатысқан дінтанушы, ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, дінтану ғылымдарының магистрі Серікжан Еншібайұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, қоғамда деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті, радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жастардың діни сауаттылығын көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығын, жастардың дін мен тәрбиені ұштастыру керектігін  баса айтты. Діннің өте нәзік  құндылық екендігін жеткізді.
Айтулы шараға ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, өзін-өзі қамтушы азаматтар, колледж студенттері, спортшылар, имамдар, мешітке келуші азаматтар қатысты.

 

 

“ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚАУІПТІЛІГІ“

туралы Қостөбе ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесуде айтылды. Дінтанушы, ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, дінтану ғылымдарының магистрі Серікжан Еншібайұлы экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін діни сауаттылықты арттырудың және дәстүрлі діндердің құндылықтар ын білудің қажеттілігін мысалдарға сүйене отырып түсіндірді. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдарынан ақпарат берілді. Діни экстремизмнің алдын алу және өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын жеткізді.
Жиналған көпшілік өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптар алды.

 

 

КӨРЕРМЕНГЕ ОЙ САЛҒАН ТУЫНДЫ

Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы әл - Фараби атындағы мәдениет үйіне жиналғандар назарына  «Сағым» фильмі  ұсынылды.
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен облыстық кино орталығында түсірілген «Сағым» толықметражды фильмінде асыл дініміздің атын жамылып, кері  әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс-әрекеттері шынайы бейнеленген. Яғни, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны мен отбасылық құндылықтарға кері әсері шынайы баяндалған туынды көрермендерге ой салды.
Екі күнге созылған кешенді іс-шара қатысушыларына  дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптейтін, теріс пиғылды діни ағымдардың әрекетін әшкерелейтін ақпараттық материалдар, флаерлер үлестірілді.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
аудандық ақпараттық -түсіндіру топ мүшесі.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1151 1152 1153 1154 1155 1156 1157 1158 1159 1160 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3953
mod_vvisit_counterКеше3687
mod_vvisit_counterОсы аптада3953
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда57176
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4419334

Серіктестер