Онлайн газет



МАЛ ҰРЛЫҒЫ - АУЫР ҚЫЛМЫС ТҮРІНЕ ЖАТАДЫ

Мал ұрлығын ашуға және оның алдын алуға бағытталған шаралар турасында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Досымбек Мұсаевқа бірнеше сауал қойған болатынбыз.

 

- Облыс аудандары ішінде ауданымызда мал ұрлығы дерегі көп тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қанша мал ұрлығы тіркелді?

- Бүгінде қоғамда мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Қыс мезгілі келіп, соғым уақыты таяғанда мал ұрлығының тіпті жиілеп кететіні де рас. Аудан бойынша мал ұрлығына қатысты 

Обновлено 22.02.2021 10:53
Толығырақ...
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ - ИГІ ІС

Жасыл экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған. «Жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық екенін, адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатқаны айтылған болатын.

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды, тұрғындардың бойына туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру, оны кеңінен насихаттауда сенбіліктердің маңызы зор. Аудан аумағында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін күзгі абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалықтың екі айлығын

Толығырақ...
 
КӨМЕК СҰРАУ ҮШІН ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Азаматтар арасында шұғыл көмек шараларын талап ететін төтенше жағдайлар туындау кауіпі және туындауы туралы хабарламаларды қабылдайтын «112» бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет ең танымал болып табылады.
«112» және «101»  қызметінің нөмірі – бұл ұялы байланыс операторының нөмірі емес, жедел құтқару қызметі, шұғыл шақыру қызметі екенін еске саламыз.
«112» және «101» нөмірлеріне тек мына жағдайларда ғана қоңырау шалыңыз:
- Егер Сіз шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз қоршаған ортаға немесе адам мүлкіне, өміріне, денсаулығына нақты қауіп

Толығырақ...
 
ЕКПЕ ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Вакцинациялауға қатысты туындаған  сауалдарға аудандық орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологі Бегім Барбосынов жауап береді.

– Бегім Нұржанұлы, вакцина алғаннан соң адам ауыруы мүмкін бе?

–   Иә, ол мүмкін. Вакцина алғаннан кейін қысқа мерзімді тұмаудың белгілеріне ұқсас белгілердің болуы (дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелуі, әлсіздік, бас ауыруы, буындардың қақсауы және т.б.) ықтимал. Екіншіден, инъекция салынған жердің ауыруы, қызаруы, ісінуі, қышуы да болады. Бірақ, бұл белгілер адам өміріне қауіп төндірмейді. Дене қызуы көтерілген жағдайда парацетамол, ибуфен секілді дене қызуын түсіретін дәрілерді алып ішкен дұрыс. Ал, жергілікті аллергиялық реакция

Обновлено 22.02.2021 10:46
Толығырақ...
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

Қажеттілікті талап ететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі (әскери билет, шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік беру және т.б.).
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алатын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалар;
2) қызмет көрсетуші – мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітетін және тиісті салаларда мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұйымдастыратын орталық мемлекеттік орган, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1151 1152 1153 1154 1155 1156 1157 1158 1159 1160 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3957
mod_vvisit_counterКеше3687
mod_vvisit_counterОсы аптада3957
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда57180
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4419338

Серіктестер