|
Серік Жұмабек, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тілшісі.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Мәселен, жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағытына орай, Байзақ ауданы бойынша биылғы жылы 68 адам маусымдық жұмысқа тартылған. Іргетасы 1939 жылы қаланған Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ордасының құрылыс жұмыстарын «Ақбарысқұрылыс» ЖШС-і қолға алған. Бүгінгі күнге ағымды жөндеудің 50 пайызы аяқталуға жақын. Мұндағы жұмысқа 50-ге жуық адам тартылыпты. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Осындай жұмысты атқарып жатқан мәрдігер құрылысты межелі уақытында аяқтаймыз деп сендірді. Кенжегүл Жамибаева ұзақ жылдар жұмыссыз жүрді, жұмысқа орналасудың реті келмепті. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп барған оған құрылыс алаңында маусымдық жұмысқа орналасудың сәті түсіпті. Кенжегүл Жамибаева, жұмысшы: -Бүгінде, біздің елімізде жұмыссыз жандар үшін арнайы бағдарламалар бар. Бұл бүгінгі екі қолға бір күрек іздеген жандар үшін

|
|
Обновлено 20.07.2016 10:22 |
|
Толығырақ...
|
|
Мұхтар МАНЕКЕЕВ, «Ауыл жаңалығы».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек»-деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары-индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу-Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары-индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық жастардың, оның ішінде, Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына
|
|
Обновлено 20.07.2016 10:15 |
|
Толығырақ...
|
|
Айдана Шотбасова, «Ауыл жаңалығы».
Жыл басында құрылған Байзақ аудандық қоғамдық кеңесі ел арасында тың тақырыптарды талқылап келеді. Кеңестің келесі бір жиыны кеше Бурыл ауылдық округіндегі Бурыл орта мектебінде өтті.
Кеңес мүшелері мен ауылдық округ әкімшілігінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары, ауылдық амбулаторияның дәрігерлері, балабақша тәрбиешілері және ауыл дихандары қатысқан жиынды ашып, жүргізіп отырған аудандық кеңестің төрағасы К.Бесбаев күн тәртібіндегі басты мәселемен таныстырды.
|
|
Обновлено 11.07.2016 18:04 |
|
Толығырақ...
|
|
Мұхтар МАНЕКЕЕВ, «Ауыл жаңалығы».
Бүгiнгi таңда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы партияның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты да нәтижелi жұмыстар жүргiзiп келедi. Партия аудандық филиалы жұмысының басты бағыты Республика Президентi, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев айтқандай: «Нұр Отан» ел сенiмiн ақтаумен қатар, күрделi экономикалық жағдайда өз маңына жұртшылықты топтастыратын партия болуы керек» деген пiкiрге келiп саяды.
Бүгiнгi таңда партиялық жұмыс негiзiнен өзiне жүктелген басты мiндеттердi iске асырды – жүйелi жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылым жасақталып, мемлекеттiкқұрылымдармен және азаматтық қоғаммен байланыс орнады, ел азаматтарына бағытталған идеологиялық ұстанымдар өз ретiмен жүзеге асуда.
|
|
Обновлено 11.07.2016 17:54 |
|
Толығырақ...
|
|
К.Ақназаров, штаттан тыс тілші.
Жетпістің алтауына шықса да, тұғырдан таймаған, ауылдың бірлігі мен тірлігін берік ұстауға өз үлесін қосып келе жатқан қарияларымыздың бірі-Насыр Кеңесариев ағамыз. 2006 жылы атамекен Қазақстанның Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылына қоныс аударды. Өмірінің 50 жылға жуығын мұғалімдікке арнап, осы кәсіппен зейнеткерлікке шыққан. Жастардың сапалы білім, сапалы тәрбие алуына өз үлесін қосқан абзал жан аудандық, облыстық, республикалық білім басқармаларының Мақтау қағаздары, Дипломдарымен, Өзбекстанда “Еңбегі сіңген мұғалім” медалімен марапатталған. Отбасында үш ер бала, алты қыз тарбиелеп өсірген. Қыздарының екеуі медбике болса, екі ұлы мұғалім. Физика, ағылшын пәнінен сабақ береді. 2015-2016 оқу жылында директорлар конкурсында жеңіске жеткен үлкен ұлы- Сәбит Тараз қаласындағы 35 мектепке директор болып қызмет етеді. Жаны жайсаң, еңбекқор, ауылдық ардагерлер алқасының мүшесі Насыр ағаның зайыбы Қалдыгүлмен отау құрғанына 45 жыл болыпты. Жеңгемізде зейнеткерлікке шыққанша медбике болып, жылы сөзімен, аялы алақанымен талай жанның жанына шипагер бола білді. Екеуі бұл күнде 21 немере сүйіп отыр. Ауылдағы атқарылатын түрлі іс-шаралардың бел ортасында жүретін асыл ағамыз кез келген мәселе бойынша өзіндік пікірін ортаға салып отырады. Әсіресе ел бірлігі, жастар тәрбиесі, салауатты өмір салтын ұстану тұрғысынан өзгелерге өнеге көрсетуда. Саламатты өмір салтын ұстанатын Насыр ағамыз әлі тың, ширақ. Үстіміздегі жылдың 22 наурызында қариялар арасындағы жарыста 16 келі кір тасын 50 рет көтеріп, бірінші орынды жеңіп алып, ақшалай заттай сыйлықтарға ие болды. Таңертең жүгіріп, жаттығу жасайтын ол спортпен айналысу қажет екендігін үнемі насихаттап отырады. “Бақ келсе, тасыма, қасірет көрсең жасыма, кім қанағатшыл болса, сол бай” деп санайтын Насыр ағамыз тәуелсіз еліміздің ынтымағын нығайтуға үлес қосып жүрген ақсақалдардың бірегейі. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, әдемі қартая білген осындай өнегелі қариямызға Алла Тағала қуат берсін дейміз. |
|
Обновлено 11.07.2016 18:00 |
|
|