|
Ұлттың рухани көсемі
Ә.Садуақасов, Үлгілі ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Әлемде қандай ел, мемлекет болмасын, еркіндікте, бостандықта, тәуелсіздікте өмір сүруге құқылы. Өзінің тарихында адам баласы қандай қоғамдық формацияда болмасын еркіндік үшін күрескен. Күрестер әртүрлі тәсілмен жүргізілген. Тәуелсіздік үшін күрес, қоғам дамуының формасына қарай, билік тобының қысым тәсіліне сәйкес өзгеріп отырған. Күрес бірде жеңіспен, бірде жеңіліспен аяқталған. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында күреске жетекшілік жасауға тарих сахнасына әртүрлі саяси партиялар келді. Олардың ішіндегі бірегейі –„Алаш” партиясы болды. Ұлттық сананы ояту, оны білім- ғылымға, адамзат қолы жеткен мәдениетке үгіттеген, соның негізінде біртұтас халықты бір тудың астына біріктіруге Алаш ұлт – азаттық қозғалысы басшылық етті. Ұлт – азаттық қозғалыстың жетекшілері билеуші топ алдына саяси талаптар қоюдың және халықтың қолдауының нәтижесінде заң шығарушы жоғарғы орган – Мемлекеттік Думаға делегат болып сайлануға қол жетті. Қазақ депутаттары Думаның әртүрлі комиссияларына мүше болып та сайланды. Мемлекеттік Думаға алғашқылардың бірі болып Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов та сайланады. Ә.Бөкейханов 1866 жылы туылған.
|
|
Обновлено 11.07.2016 17:33 |
|
Толығырақ...
|
|
Г. Жарылкасынова, «Тілдерді оқыту орталығы» Байзақ аудандық бөлімшесінің штаттан тыс оқытушысы.
«Тәуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі» деген Елбасының қанатты сөзі бар. Мемлекеттік рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар
|
|
Обновлено 11.07.2016 17:28 |
|
Толығырақ...
|
|
Р. Шәметов, Байзақ ауданының Құрметті азаматы.
Ел тәуелсіздігі-баға жетпес байлық. Биыл ел өміріндегі айрықша белесті жыл. Шын мәнінде тәуелсіз еліміз үшін 25 жыл қысқа ғана мерзім болғанымен, осы жылдар аясында талай биіктер бағындырылды, қыруар шаруалар тындырылды. Тәуелсіздік киелі ұғым. Біздер, кешегі Кеңес Одағы кезінде саналы өмірімізді еңбекке арнаған адамдар санатынданбыз. Сондықтанда біз қазіргі өмірге салыстырмалы түрде қарап, өткенді ой елегінен өткіземіз. Осындайда аға ұрпақтың өкілі ретінде тәуелсіздік бізге не берді деген сұраққа жауап іздесек,егемен еліміздің қол жеткен табыстары толымды екенін сезініп, шүкір етесің. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыз бейбіт де мамыражай тіршілік үшін қолына қару алып, тәуелсіздік үшін күресті. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қолымыз еркіндікке жетті. Тәуелсіздіктің арқасында өзге елдермен тереземіз теңесті, ана тілімізбен, дінімізбен, салт-дәстүрімізбен қауыштық. Халықтың ұлттық рухы оянды, тарихи санасы жаңғырды. Тәуелсіздік таңы атқалы
|
|
Обновлено 11.07.2016 17:26 |
|
Толығырақ...
|
|

Гүлшахар Ермұратова,
“Ауыл жаңалығы”.
Бұдан дәл 18 жыл бұрын Қазақстан елінің ақ ордасы Астана қаласының туған күні алғаш рет салтанатпен мерекеленіп өткен болатын. Содан бері жылдан-жылға, күннен-күнге ажарланып көркеюмен көз қуанышымызға айналып отырған әсем қала Астанамыз күллі әлемге мәшһүр алып шаһар атанды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты елімізді үлкен қиындықтан алып шығумен қатар, алып Астананы өмірге әкелуі тәуелсіз халқымыздың тарихына алтын әріппен жазылғаны ақиқат.
“Біз өзіміздің келешекке сермеген құлашымыздың белгісіндей етіп, Еуразияның дәл
|
|
Обновлено 08.07.2016 12:32 |
|
Толығырақ...
|
|

Айдана Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».
5554 мүшесі бар «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының құрамы тағы да бірнеше азаматқа толықты. Астана мерекесінің қарсаңында өткен жиында партия аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшесі Нұржан Тлепов аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінің
|
|
Обновлено 08.07.2016 12:31 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 2031 2032 2033 2034 2035 2036 2037 2038 2039 2040 Келесі > Соңғы >>
|