Онлайн газет



Бюджет көлемі өсуде

Алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтіп, онда аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбековтың «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашы 2018 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 13 млрд. 115 миллион теңге көлемінде белгіленіп, 2017 жылмен салыстырғанда 30 пайызға

Толығырақ...
 
Тәуелсіздік - басты құндылық

Қымбатты аудан тұрғындары!
Тарих ауқымында 26 жыл - қас-қағым сәт. Алайда, елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадамдар жасалды. Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды, Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды.
Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық  дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді. Сондықтан, Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, тағылымы терең.
Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды, қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Нұржан Тлепов.
Аудандық мәслихат хатшысы.

 

 

Қадірменді партияластар!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерен ерліктері бүгінгі тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.
Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
Құрметпен:

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы.

 

 

Құрметті, байзақтықтар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен, Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Ел болып, еңсе түзегенімізге жиырма алты жыл толды. Тарихтың талай даңғылдары мен өмір өткелдерінен өттік. Енді, бұл күнде дербес мемлекет, егеменді ел болдық.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, болашағымыз баянды болсын, ағайын. Ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңізге сәттілік тілеймін және алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін.

Е. Тилеубеков.
Аудандық соттың төрағасы.

 

Ел тәуелсіздігі жолында күрескен  Қайрат Рысқұлбеков- заманынан оза туған ер. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының бел ортасында болған Қайрат, Ербол ұлдарымыз бен Ләззат, Сәбира секілді қыздарымыздың ерлігі ешуақытта ұмытылмайды.
Еліміз тәуелсіздік алысымен азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен ерлерге құрмет көрсетіліп келеді. Бәйтерек ауылдық округіне қарасты бір көше Қайрат Рысқұлбековтің есімімен аталады. Көше тұрғындары өте ұйымшыл. Көктемгі және күзгі көріктендіру және тазалық айлықтарының бел ортасында жүретін тұрғындар батыр атындағы көшеде тұратынын мақтан етеді. Осы көшенің жас жеткіншектеріне Қайраттың батырлығы, еркіндіктің маңызы туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Тәуелсіз ел болу-бақыт. Осы жолда өмірлерін қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ету-бүгінгі ұрпақтың парызы.

С. Айтбаев.
Бәйтерек ауылдық  ардагерлер  алқасының төрағасы.



Тәуелсіздік күні - еліміздің ұлы мерекесі. Бұл күн - ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналған, қазақ елінің әлемге танылған күні.
Азаттықтың арқасында бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге терезесі тең, керегесі кең, ұлт пен ұлыстары тату, экономикасы тұрақты даму үстіндегі болашағы зор мемлекет ретінде танылды.
Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел тағдырын сеніп тапсыру арқылы бүгінгідей жетістіктерге, тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізді.
Тәуелсіздік - тұғырымыз. Ел тәуелсіздігін тұғырлы ету, қол жеткен табыстарды молайту, ел ертеңі үшін тер төгу-басты міндет. Олай болса,  ынтымағы жарасқан, ертеңі жарқын елде өмір сүрудің бақыт екендігін  ұмытпайық.

Г. Алимбекова.
Бурыл орта мектебінің директоры.




Тәуелсіздік - мыңдаған жылда бір рет келетін бақ. Егемендіктің арқасында өткеніміз түгенделді, бүгініміз байыпталды, ертеңіміз айқындалды.
Елбасының орасан зор еңбегін, қажыр-қайраткерлігінің арқасында еліміз ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді. Тәуелсіздіктің 26 жылында көптеген құндылықтар мен игіліктерге қол жеткіздік.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-халқымыздың бақыты. Тәуелсіздік біздерге өршіл рух, ертеңгі күнге деген  сенімді қалыптастырды.
Ырыс-ынтымаққа, дәулет-бірлікпен толығады. Даласы кең, таулары биік,  халқы мейірімді, бақытымызды баянды еткен ұлтпыз.
Олай болса, Отанымыз-тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биік, алар асуы асқақ болсын.

В. Тасбауова.
Штаттан тыс тілші.

Обновлено 20.12.2017 17:08
 
Ақпараттық пойыз - ауылдарда

Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы Астананың рөлі мен егемен еліміздің табыстарынан, Рухани жаңғырудың басым бағыттарынан кеңінен ақпарат беруді мақсат еткен «Астана. Тәуелсіздік. Рухани жаңғыру» ақпараттық пойызы Тараз қаласынан шыққан болатын. Аталмыш пойыз Үшбұлақ және Ақшолақ стансаларына  аялдады.

Пойыз құрамындағы топ мүшелерін аудан әкімдігі ішкі саясат  бөлімінің басшысы С.Иманова, Ботамойнақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкімдері Е.Зәуірбеков пен М.Қилыбаев, ардагерлер, тұрғындар, мектеп оқушылары

Обновлено 20.12.2017 17:04
Толығырақ...
 
БАР ЖАҚСЫМЫЗ - БАЛАЛАРҒА

Қазақта «Қос тойың қабат болсын» деген сөз бар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындары қос бірдей қуанышқа кенелді.

«Бар жақсымыз – балаларға». Егеменді елімізде балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту басты назарда тұрғаны баршаға аян. Бұл тұрғыда өңірде де толымды тірліктер тындырылып жатыр. Қызыл жұлдыз ауылынан ашылған қос қабатты, заманауи үлгідегі 75 орындық

Обновлено 20.12.2017 17:02
Толығырақ...
 
"АЛДИ және К" ЖШС-і - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі мен «Парыз-2017» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі отандық өнімнің өрісін кеңейтіп, өркенін өсіруге бағытталған игі шара.

Осындай деңгейі биік байқауға кәсіпорындар арасынан біздің аудандағы "Алди және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалбек Есенқұлов те қатысып, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында қола жүлдені иеленді.
Әлеуеті мен маңыздылығы жағынан назарға іліккен серіктестік 2005 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Қазақстан Республикасының экология саласымен айналысатын министрлігінен жылына 8500 тонна күл-қоқыс қабылдауға  және жоюға рұқсат алған

Обновлено 20.12.2017 16:59
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1771 1772 1773 1774 1775 1776 1777 1778 1779 1780 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1520
mod_vvisit_counterКеше2535
mod_vvisit_counterОсы аптада13321
mod_vvisit_counterӨткен аптада20186
mod_vvisit_counterОсы айда36281
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4511351

Серіктестер