Онлайн газет



ЖАС ҰЛАНДАР ШЕРУІ

Еліміздің өркендеуі, гүлденуі – жас ұрпақ қолында.  Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі – ертеңгі болашақтың биігіне бастайтыны анық.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Кеңес орта мектебінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "Отаным - тағдырым" жобасы аясында мектеп тәлімгері Г.Алмешованың ұйымдастыруымен мектепішілік "Жас Ұлан"

Обновлено 22.12.2017 13:05
Толығырақ...
 
Жанатбек - Жазушылар одағының мүшесі

Қазақ  елінің өнері мен мәдениетіне өзіндік үлес қосып келе жатқан Жанатбек Әшімұлы – ақын әрі сазгер ретінде  кеңінен танымал. Оның «Көңіл көкжиегі», «Қаракөз қарағым», «Ел мен Ер» атты  жыр жинақтарымен  қатар “Сұңқарлар”, “Сұңқарлы ел”, “Жайна, Жамбылым!”, “Ардагерлер” атты патриоттық әндері

Толығырақ...
 
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел мәртебесі биік болсын!

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстанның жаңа дәуірінде қол жеткен барлық табысының қайнар көзі - Тәуелсіздік.
Тәуелсіздіктің 26 жылында Қазақстан әлемдік қауымдастықта танылған мемлекетке, Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесіне айналды. Ширек ғасырда Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, татулық пен бірліктің мекеніне айналды. Қазіргі таңда, халықтың әл-ауқатын арттыратын мемлекеттік және салалық бағдарламалар, Ұлт жоспары мен "Нұрлы жол" бағдарламалары жемісін беруде. Аудан халқы да тәуелсіз Қазақстанның дамуына лайықты үлестерін қосуда. Барлық саладағы  жетістіктер, ел игілігі үшін қолға алынған бастамалар ауданның өсіп өркендеуіне жол ашуда.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды ұлттық мереке - ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Мықты денсаулық, әрбір үйге молшылық пен құт-береке, туған елімізге өркендеу тілеймін.
Айбыны асқақтаған еліміздің аспаны ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Р. Рахманбердиев.
Аудан әкімі.

 
Тұғырлы Тәуелсіздікке 26 жыл!

16 желтоқсан күні еліміздің егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанғанына 26 жыл толады. Ел шежіресіне алтын әріптермен жазылған осынау даталы күнді Байзақ жері де өзіндік сән-салтанатымен атап өтті.

Жұма күні аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне жиылған үлкен-кіші мерейлі мерекенің құрметіне арналған жиынның куәсі болды. Сахна төріне көк туымыз шығарылып, Мемлекеттік Гимн шырқалды. Мұнан кейін мінбеге көтерілген

Обновлено 20.12.2017 17:11
Толығырақ...
 
МАРАПАТТАЛДЫ

Аудандық мәслихат хатшысы Н.Тлеповтің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №52 өкімімен, ауданның қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы көп жылғы еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Байгельдиев Абзал Мақұлбекұлы, заңдылықты қадағалау барысындағы көп жылғы еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Байзақ ауданы прокурорының орынбасары Өтемісов Марат Әбдіраманұлы, ауданның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы жемісті еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін аудан әкімінің орынбасары Кенжебаев Сағындық Жұмағұлұлы, ауданның денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Байзақ аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің мейірбекесі Әлшерова Нағима Қалиқызы, ауданның коммуналды шаруашылық саласындағы ұзақ жылғы еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Дәулеткелдиев Ақжол Сейтбайұлы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, Байзақ ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1771 1772 1773 1774 1775 1776 1777 1778 1779 1780 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1520
mod_vvisit_counterКеше2535
mod_vvisit_counterОсы аптада13321
mod_vvisit_counterӨткен аптада20186
mod_vvisit_counterОсы айда36281
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4511351

Серіктестер