Онлайн газет



БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Елімізде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар

Толығырақ...
 
ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДА

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас  жемқорлық – заңмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде

Толығырақ...
 
Дорога без опасности

Главной задачей сотрудников группы дорожной и технической инспекции  РОВД является обеспечение безопасности дорожного движения – это деятельность, направленная на предотвращение дорожно-транспортных происшествий и их профилактику.

Как известно, на динамике дорожно-транспортных происшествий отражается качество наших дорог. В связи с этим сотрудниками  дорожной полиции постоянно проводятся обследования дорог. За три месяца текущего года проведено

Толығырақ...
 
Қымбатты аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күн елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан барша жұрттың ынтымағын жарастырып, ырысын тасытатын күн. Күн мен түннің теңесіп, жер дүниенің жайнайтын Наурыз мерекесінде «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деген тілектер айтылып, араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы ұстанып, ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашқан. Қамқорлықты қажет ететін  отбасыларға қайырымдылық көрсетіледі. Ұлық мереке алдында Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел тұрғындарына азаматтардың әлеуетін арттыруға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын ұсынып, Үндеуін жариялады. Аудан халқы бұл бастамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуына өз үлестерін қосатын болады деп сенемін.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Ұлыстың ұлы күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін. Наурыз Отанымыз – Қазақстанның гүлденуіне апаратын жаңа жетістіктерге жеткізсін!

Р. РАХМАНБЕРДИЕВ.
Аудан әкімі.

 
Қадірлі байзақтықтар!

Күн мен түннің теңесер шағы, Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын! Сіздерді Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Міне, жер дүниені түлетіп, халыққа шаттық сыйлаған, ұлтымыздың ең ұлық мерекесі – Ұлыстың ұлы күні де жетті. Әз-Наурыз мейрамы – негізінен тіршілік атаулының түрленіп-көбейетін, көркейіп-түлейтін күні. Көктен құйылған шуақ Жер-Ананы қысқы ұйқыдан оятып, ерекше бір күйге бөлейді. Алты ай қыс араласа алмаған ағайын, бір-бірімен төс түйістіріп, құшақтаса амандасады. Мол дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады. Жеті түрлі дәм қосылып әзірленген Наурыз көжеден  ауыз тиіседі. Көпшілік ән айтып, би билеп, көңіл көтереді. Көгілдір көктемнің көркем мерекесін бүкіл ел болып, қатарынан бірнеше күн тойлайды. Ұлттық нақышта, ұлттық рухта мерекеленетін Наурыз тойы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Ұлық мереке!
Біз аудан тұрғындарын жаңару мен жаңғыру мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Әр отбасына бақытты ғұмыр, ашық аспан, ырыс пен береке, молшылық тілейміз.

“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1681 1682 1683 1684 1685 1686 1687 1688 1689 1690 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін373
mod_vvisit_counterКеше3255
mod_vvisit_counterОсы аптада6875
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда102386
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4359644

Серіктестер