|
Үлкен өмірге қанат қағатын түлектердің өмірде өз орнын тауып, дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру мақсатында Мырзатай орта мектебінде «Жастары белсенді, бәсекеге қабілетті елдің болашағы жарқын» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Жастар ісінің аға инспекторы И.Еркимбекованың ұйытқы болуымен өткен кездесуде мәдениет саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен зейнеткер С.Нурсейтова, мал дәрігері, шаруа қожалық егесі Ә.Байгелов, тәжірибелі есепші С.Абдраимов, полиция майоры Е.Бигалиев сөз алып, мамандықтарының қызығы мен қиыншылықтары турасында
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу
|
|
Обновлено 04.05.2018 12:48 |
|
Толығырақ...
|
|
Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - берекелі елдің топырағында өркен жайған сан түрлі этностар бірлігінің салтанат құрған күні. Татулық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан өркендеп, дамып келеді. Ел Президенті Н.Назарбаев халқын бір атаның баласындай татулық пен түсіністікке, тыныштық пен тұрақтылыққа ұйытты. Еуразияның жүрегіне айналған көрікті Астананы тұрғызды. Бүгінде сан ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті тіршілік кешіп, еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Елбасының бастамасымен ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея алғаш құрылған күннен бастап, еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтуға, бірлікті сақтауға қызмет етуде. Халықтың қуаты-бірлікте. Бірлік - баға жетпес басты байлық. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық - ең әуелі Отанымыздың дамуы мен ел тыныштығының кепілі. Мемлекет басшысы: «Біздің халқымызға ең басты керегі – бірлік, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылық»,- деп атап көрсеткеніндей, татулықты нығайтуға аудан халқы да өзіндік үлес қосып келеді. Қымбатты аудан тұрғындары! Халқымыз түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, әлемдік өркениетке бейбітсүйгіш ел ретінде енді. Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдыруда. Сондықтан елімізді ынтымаққа үндейтін - Қазақстан халқы бірлігі күнімен барша байзақтықтарды құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Р. Рахманбердиев, аудан әкімі.
Құрметті байзақтықтар! "Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесі бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған аудан жұрты үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты байлығы – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақстан халқының алдында тұрған негізгі міндет. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының азаматтық борышы. Құрметті жерлестер! Сіздерді, бүгінгі "Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің ынтымағы үшін маңызды мерекеде барлығыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Н. Тлепов, аудандық мәслихат хатшысы.
Қадірлі партияластар! Сіздерді, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің осы күнге асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі мол. Осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сеніміміз мол. Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз.
Құрметпен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі.
|
|
Обновлено 28.04.2018 10:54 |
|
Байзақ ауданының шаңырақ көтеріп, өз алдына отау тіккеніне биыл 80 жыл толды. Айтулы шараны кеңінен атап өту мақсатында аудандық ардагерлер мен қоғамдық кеңестері және этномәдени орталық жетекшілерінің Үндеуі жарияланған болатын. Игілікті істі қолдап, жомарттықтарын танытып жатқан азаматтар арнайы құрылған «Сенім-Байзақ» қоғамдық қорына қаражаттарын аударып, өзгелерге үлгі көрсетуде.
Үндеуді алғашқылардың бірі болып қолдаған жеке кәсіпкерлер Ләззат Жабатаева мен Лямзер Тулебаев - бір миллионнан, облыстық мәслихаттың депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова - жүз мың, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері - елу бес мың, Үлгілі ауылдық ардагерлер кеңесі
|
|
Толығырақ...
|
|
Байзақтың жері Қазақтың жері, Құдайдан сұрар таза ақ тілегі- Бас аман болсын. Бейбіт күн тұрса, Өркендер өрге Азаттық Елі. Сағатпен бірге соғады солай, Азаматтарының ғажап жүрегі.
Бойына құтын мың бөлеп келген, Бұл жерді басып кімдер өтпеген. Талай да талай талапай көрген, Тағдырын Тәңір шын жебеп келген, Ғасырлар бойғы тарихы тәлім, Толысқан соны тың деректермен.
Бозторғайы сайрап даланың, Білдірді-ау белде жай жатпағанын. (Елі үшін туған есіл ерлер-ай, Құрбан етпеген қай жақта жанын...). Шынтағы жатыр шындықты нұсқап, Сөресінде Байзақ бабаның.
Келелі істің басында дана, Кенелген астық - асылға дала. Ұлы даланың ұл-қызы болу, Ұлы бақыт қой расында да. Еңбектің Ері - елінің қызы, Мәрзия апа - ғасырлық ана.
Ұмтылса өрге аптығып арман, Ұсынған қолын Бақ шығып алдан. Азаматы бар Ел асқақ тірлікте Көрмейді тарлық, тапшылықты алдан. Еленіп еңбек Елбасы айтқан Еңбектің Ері - Жақсылық палуан.
Байзақ жерінде сан алып жатыр Биік мәртебе баға алып жатыр. Тынышын елдің бұзам дегендер, Алыптан ажал табады ақыр..... Ерлігі егіз Ерлерім әні - Байтасов пенен Ақәділ батыр.
Ай, жұлдыз, айтар сыр түніменен, Шуақты Байзақ нұр күніменен. Ақын, сал- сері, батыры сансыз, Тектісі түпкі түркіден өрген. Жайсаңын айтып тауыса алмаймын, Жағалай мақтап жыр тіліменен.
|
|
Толығырақ...
|
|
|