|
Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Тәуелсіз еліміздің қос мерекесі - 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуаты артқан Қазақстанның Қарулы Күштері халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегіне айналды. Бүгінде Қарулы Күштер алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Сондықтан антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылар - біздің мақтанышымыз саналады. Ұлы Отан соғысы - біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытты. Ұлы Жеңіс - аға ұрпақтың ұлы ерлігін ұлықтауға арналған, бейбітшілікті, тәуелсіздікті және өз Отанының бостандығын қорғап қалған майдангер аталарымыз бен тыл еңбеккерлері алдында бас иіп, олардың жеңімпаз рухына тағзым ететін күн. Ұлы Отан соғысы жылдары мыңдаған қазақстандық майдан даласында кеудесiн от пен оққа тосып, Отанымыздың бостандығын қорғады. Сондықтан біз - жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы болғанымызды мақтан тұтамыз.
Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері жəне тыл еңбеккерлері! Сіздерді еліміздің қастерлі қос мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Әрқашан аспанымыз ашық, тәуелсіз еліміздің мәртебесі биік болсын.
Р. Рахманбердиев, аудан әкімі.
Құрметті партияластар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Құрметті ардагерлер! Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі.
Қымбатты байзақтықтар, Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері! Сіздерді Отан қорғаушылар күні - жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік-күш иелері күнімен құттықтаймын! Бұл күні біз Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие. Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз алдында тағзым етеміз.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал, Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер. Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде. Ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін, Сіздердің алдарыңызда бас ие отырып, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт пен бейбіт өмір тілеймін.
Н. Тлепов, аудандық мәслихат хатшысы.
Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені, Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу мақсатында өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындадыңыздар. Қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол үлгі болуы ақиқат. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке, халқымызға бірлік тілеймін!
Е. Тилеубеков, аудандық соттың төрағасы.
Құрметті ардагерлер және аудан тұрғындары! Сіздерді 7 мамыр - Отан Қорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жылы біз 73-ші бейбітшілік көктемін қарсы алудамыз. 9 мамыр - майдангерлер мен тылда қажырлылықпен еңбек еткендердің жаңқияр ерлігі мен еңселі елдік рухы және қайсарлығының жемісі. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Әрбір майдангердің қосқан үлесін ескеріп, құрметтеу - әр азаматтың ардақты борышы. 7 мамыр күні біз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер күнін құруға байланысты Отан Қорғаушылар күнін атап өтеміз. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.
Қ. БОШАЙ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник.
|