|
Бүгінгі қоғам – ашық қоғам. Тұрғындардың сенімі, азаматтардың ақпараттар мен мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділігі ашық әрі жария түрде жүреді. Әрине қоғамның қозғаушы күші – мемлекеттің саясаты болғандықтан, етене жұмыс, сенімділікке ие болу басты қағидамыз болып қала береді. Бұл мақсатта Мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар институтының алар орны ерекше. Біздің департамент пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы арасында 2013 жылы меморандум қабылданған болатын. Бұл биліктегі партия өкілдерімен етене жұмыс жүргізуіміздің, халық сенімін арттырудың тетігіне айналып үлгерді. Олай дейтініміз, осы аралықтағы бірлескен жұмыс жоспарының нәтижесі соған жетелейді. Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының
|
|
Толығырақ...
|
|
Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. ХХ ғасырдың соңында дүниежүзінің картасы тәуелсіз Қазақстанның айбынды қаласымен толықты. Тәуелсіздіктің 27 жылында Қазақстан әлемдік қауымдастықта танылған мемлекетке, Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесіне айналды.
Ширек ғасырда Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз дамудың
|
|
Толығырақ...
|
|
Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек деген болатын Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбындағы мақаласында.
Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі жолға қойылғанын, ендігі уақытта солардың негізгі ұстанымы – рух мәселесін көтеру керектігін айтады. Бүкіл ел болып бетбұрыс жасап жатқан жаңғыруға
|
|
Толығырақ...
|
|
«Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», - деп Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, тәуелсіз елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық салтанат құрған.
Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы
|
|
Толығырақ...
|
|
Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері анық. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар сілтесе, қаралы беттері өткеннен сабақ алуға жетелейді. Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойына орай, «Ер тарихы - ел тарихы» айдарымен жарық көретін мақалалар еліне тұлға болған, ұлтының тұтастығы мен жерінің бүтіндігі жолында күрескен хас батырлардың өнегелі өмірі мен ерліктерінен сыр шертетін болады. Сеңкібай Қабанұлы - өңірімізге қарасты Қарабақыр-Шәлке аумағында дүниеге келіп, 1799 жылы өмірден өткен даңқты батыр. Жасы тоқсанға таянған шағында ел-жұртын отырықшылыққа баулу үшін 32 шақырым тоған қаздырған хас батыр туралы кезінде газеттің белсенді тілші болған, соғыс және еңбек ардагері, марқұм Әмзе Момбаевтың «Осы жұрт Сеңкібайды біле ме екен?» атты
|
|
Обновлено 26.07.2018 12:02 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1611 1612 1613 1614 1615 1616 1617 1618 1619 1620 Келесі > Соңғы >>
|