Онлайн газет



Акцияға өз үлестерін қосты

“Жомарт бол, жұртқа жақсылық жасағаннан жалықпа” деген екен пайғамбарымыз. Шындығында да қолдауды қажет ететіндерге қамқорлық көрсетіп, барымен бөлісу - адамгершілік қасиеттердің асылы.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясының мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын

Толығырақ...
 
Ұлттық бірегейлікті сақтау - міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттері және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың 10 бағытының  мәнін түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері  Темірбек, Көптерек, Ынтымақ және Түймекент ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алқалы жиынды  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып,  жүргізіп отырды.
Кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжан сөз алып, тәуелсіз еліміздің қол жеткізген табыстары мен Елбасының ерен еңбегіне тоқталды. Замана ағымына икемделу арқылы

Толығырақ...
 
Ұлттық бірегейлікті сақтау - міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттері және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың 10 бағытының  мәнін түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері  Темірбек, Көптерек, Ынтымақ және Түймекент ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алқалы жиынды  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып,  жүргізіп отырды.
Кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжан сөз алып, тәуелсіз еліміздің қол жеткізген табыстары мен Елбасының ерен еңбегіне тоқталды. Замана ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру, ғаламдық жетістіктерді игеру арқылы жаһандық дамуда өз үлесімізді алу, өткен тарихымыз бен дәстүрлерімізден асыл құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылу жолдарын мысалдарға сүйене отырып түсіндірді. Әсіресе, Елен Әбдуатұлы болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын, ең бастысы-ұлттық кодты сақтау,  болашақты жоспарлай білу мен ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу, қарапайым болу, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтау қажеттігін жеткізді.
Топ мүшесі Үртай Сапақова   Елбасының “ Табысты болудың ең іргелі, басты факторы-білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт” деген сөзіне сүйене отырып, ана тілін құрметтеп, өзге де тілдерді жетік меңгерудің өзектілігін әңгімеледі. Бала тәрбиесіндегі ер-азаматтың рөліне тоқтала келіп, әлемдік бәсекелестік жағдайында өмір сүруге мейлінше бейім ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеудің маңыздылығына екпін салды.Ел бірлігі мен тәуелсіздікті тұғырлы ету, қоғамдық келісімді нығайту, өсіп келе жатқан жеткіншектер бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру, елі мен жерінің бостандығы үшін  күрескен  батырларын мақтан тұту, туған жерінің тарихын білудің міндет екендігін айтты.
Сонымен қатар, ақпараттық топ мүшелері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Қазақстанның жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін баяндады.
Маңызды құжатта еліміздің ішкі және сыртқы ахуалына жан-жақты талдау жасалып, өркендеудегі басым бағыттар айқындалғандығын, сондай-ақ, құжатта еліміздің бәсекеге қабілеттігін көтеруге арналғандығын, инновация мен жаңа технологияларды енгізуге басымдық беріліп отырғандығын әңгімеледі.Сандық технологияның адамзат өмірінде алатын орны ерекше екендігі, “Ақылды технологияларды” ауыл шаруашылығына енгізу арқылы ел игілігін еселеуге жол ашылатындығы да айтылды.Мұнымен қатар, Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру бойынша облысымызда қолға алынған тірліктерден қысқаша ақпарат берді.
Аталған округтердің тұрғындары ақпараттық-насихаттық топ мүшелерін мұқият тыңдап, алғыстарын білдірді.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

 
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САЙЫСЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының аумақтық бірінші іріктеу кезеңі болып өтті. Бастауыш партия ұйымдарының сайысы облыстық партия филиалы  ұйымдастыру - бақылау жұмысы бөлімінің инспекторы Қырғызәлі Тлеуұлының құттықтау сөзімен басталды.

Аудандық партия филиалының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының іріктеу отырысына аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Сапар Қалмұратов, Саяси кеңес мүшесі Елнұрбек Ермеков, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшесі Алтынбек Жамишжанов, партия ардагері Жұманғали Құмғанбаев, аудандық партия филиалы есепке алу және статистика

Обновлено 26.09.2018 15:34
Толығырақ...
 
БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Әлем асқан жылдамдықпен даму үстінде. Бұл баршамыздан  шапшаң қимылдап, жедел бейімделуді талап етіп отыр. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы.

Сапалы білім - мемлекет пен қоғам үшін басты құндылық. Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Ал білімнің биік беделі - тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты саналады. Сондықтан да, білімді дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген барлық стратегиялық бағдарламалардың

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1581 1582 1583 1584 1585 1586 1587 1588 1589 1590 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2861
mod_vvisit_counterКеше3255
mod_vvisit_counterОсы аптада9363
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда104874
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4362132

Серіктестер