|
«Білімдінің қолында алтын шырақ» демекші, жас ұрпақ білім алу үшін мектепке тарыдай болып кіріп, сапалы білім, саналы тәрбие алып, таудай болып шығады. Сондай білім ошағының бірі – Үлгілі орта мектебі. Негізі қаланғалы 80 жылдан астам уақыт ішінде талай ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп шығарды. Білім ошағын 16 жылдан бермен жоғары санаттағы ұлағатты ұстаз Фазыл Шаухаров басқарады.
Үлгілі елдімекенінде туып-өсіп, 1969 жылы 7-сыныпты, 1972 жылы Сарыкемер ауылында орта мектепті тәмамдап, Қазақ мемлекеттік университетінің “Филология” факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы аталған оқу орнын аяқтап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Қазақ ССР оқу министрлігінің жолдамасымен Мойынқұм ауданы, Амангелді атындағы №8 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беруден
|
|
Обновлено 08.10.2018 17:27 |
|
Толығырақ...
|
|
Күллі саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесі мен біліміне жұмсап, сауатымен сауап жинаған салихалы ұстаздардың көпшілігі артына өзіндік із қалдырып кеткендігін жылы лебізбен ауызға алып, олардың өмірдегі орны туралы келелі әңгіме өрбіту адамшылық парыз десек лайықты болмақ. Осылай дегенде өмірден өткенмен, көңілден кетпейтін, жайсаңдар жасағының бір өкілі марқұм ұстаз Әбдуәлі Пісібаев ағаның ағартушылық саласындағы атқарған еңбегіне тереңдей ой жіберіп, көңіл елегінен өткізе баға беретін мезгілдің болып толғандығын мойындауымыз керек-ақ.
Әбдуәлі Пісібаев 1927 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданына қарасты Еңбек ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ел басына туған ашаршылық кезеңінде
|
|
Обновлено 08.10.2018 17:24 |
|
Толығырақ...
|
|
Елдің келешегі, жұрттың болашағы саналатын ұрпақтың білім үйреніп, тағылым алуында мұғалімнің алар орны қашанда бөлек. Қадір-қасиеті де ерен, ерекше. Ұстаз деген ұғым кейін қалыптасқанымен, халқымыз атам заманнан ел жақсыларын сол ұстаз дəрежесінде алақанға салып ұстаған. Кейін ұрпақты білім нəрімен сусындатқан абзал жандарды ұстаз деп əспеттеумен келеді. Бала тәрбиесіндегі көп жылғы еңбегі үшін Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты Байзақ ауылындағы «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі Фаминаз Тажибаева «Мейірім мен адамзат» медалімен марапатталды. Марапатты Жамбыл облыстық «Айрықша тәуекелді ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
|
|
Обновлено 08.10.2018 17:23 |
|
Толығырақ...
|
|
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақованың төрағалығымен бастауыш партия ұйымдары төрағалары мен төрайымдарына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Партия аудандық филиалының мәжіліс залында өткен басқосуда күн тәртібіне екі мәселе шығарылған болатын. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - аудандық партия филиалы бастауыш партия ұйымдарында есеп беру - сайлау жиналыстарына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы аудандық филиалдың консультанты
|
|
Толығырақ...
|
|
Қарттар күні – ізгілік пен құрметке негізделген мағыналы мереке. Бұл күнге ерекше көңіл бөлу арқылы жастарымыз үлкенді сыйлап, тыңдай білуге дағдыланады. Біздің халқымыз қарияларды қазынаға балаған. Алдымызда қорған болып жүретін ата буынның ақылын тыңдап, өсиетіне адал болу жас ұрпақтың парызы.

«Қарияларға қамқорлық көрсетейік» акциясы аясында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектептің педагог ұйымдастырушысы Шыңғыс Ревшенов пен тәлімгер Толқын Құдайбергенованың ұйытқы болуымен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мен өнерлі оқушылар Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер
|
|
Обновлено 08.10.2018 17:20 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1581 1582 1583 1584 1585 1586 1587 1588 1589 1590 Келесі > Соңғы >>
|