Онлайн газет



ҰЛТ ТАҒДЫРЫ – АНА ТІЛІМІЗДЕ

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!, - деп кезінде ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, ана тілді құрметтеу, өз ұлтыңды құрметтегенің.
Тіл - адамдардың бір-біріне қатынасын қамтамасыз ететін, ойын жеткізетін негізгі құралы. Әр ұлттың өзінің ана тілі бар, ол сол ұлттың қоршаған ортасына әлеуметтік, тұрмыстық ерекшелікпен қалыптасқан. Әлемде көптеген тілдер бар. Олар: қытай, ағылшын, славян т.б. Ана тілімді осы тілдермен бірдей санаймын. Өйткені әкемнің қанымен, анамның сүтімен бойыма сіңген, қоры бай, айтылуы әсем, құлаққа жағымды қазақ тілі - өте бай тіл.
Жалпы, ұлт өкілдерін тілінен, сөйлеген сөзінен ажырата аласың. Ұлттық тіл, оның тағдыры үшін Алаш көсемдері: Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды біртуар тұлғалар

Толығырақ...
 
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Халықаралық ана тілі күні 1999 жылдың 17 қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясымен жарияланған. 2000 жылдың ақпанынан бастап тілдік және мәдени алуандылыққа, көптілділікке қолдау білдіру үшін жыл сайын атап өтіледі. Өз кезегінде, БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің қарарында 2008 жылды Халықаралық тілдер жылы, 2010 жылды Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы деп жариялаған болатын.

Тілдер біздің материалдық және рухани құндылықтарымызды сақтап қалуда және дамытуда ең күшті құрал болып табылады. ЮНЕСКО-ның есебі бойынша, әлемнің шамамен 6000-ға жуық тілінің жартысы жуық арада өз тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Халықаралық ана тілі күнін белгілеудің бір себебі ретінде осы жойылуға бет алған тілдерді сақтап қалу мәселесі

Обновлено 27.02.2019 10:50
Толығырақ...
 
«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК - ЖЫЛЫ ТІЛЕК»

Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Белгілі психологтар еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектептің психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жатыр.

Қазіргі таңда, практикалық психология белсенді даму үстінде. Психология  күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық  тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуда.
Ұл-қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Сондықтан, ата-ана, мұғалімдер және психологтар

Обновлено 27.02.2019 10:49
Толығырақ...
 
ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕС ҮШІН...

Әрбір ұлт қоғам аясында адамдар өздерінің қарым-қатынастарын негіздейтін діннің, діни қағидалардың болуы табиғи құбылыс. Біз - дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз. Қазақтың салт-дәстүрі исламның асыл құндылықтарымен біте қайнасып, пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан хадистер қазақтың нақылына айналып, халқымыздың наным түсінігімен қабысып, тұрмыс тіршілігімен ұштасып кеткен.

Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні. Ол тек арабтарға немесе белгілі бір ру, тайпа, ұлт, нәсілге емес, бүкіл адамзатқа түсірілген. Бұл жөнінде Жаратқан Иеміз Құран Кәрімде: «Уа, адамзат! Біз сендерді ер мен әйелдерден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Өзара қарым-қатынас жасап, араласып өмір сүрулерің үшін ұлттар мен тайпаларға

Толығырақ...
 
БАСТЫ НАЗАРДА - ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

Аудан әкімдігінің білім бөлімі кәмелетке толмағандарға қарсы, оның ішінде, жыныстық сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы №282 Қаулысымен бекітілген кешенді іс жоспарына және аудан әкімдігінің 2018 жылдың 28 сәуіріндегі №156 Қаулысын басшылыққа ала отырып, бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс атқаруда.

Аудандық полиция бөлімінде өткен жылдың мамыр айына дейін 3 оқушы (Қостөбе-1, Бурыл-1, №1 мектеп-гимназиясы-1) сабақтан жалтарғаны үшін есепте тұрса, маусым айынан желтоқсан айына дейін 7 оқушы (Ю.Гагарин-1, №4 мектеп-лицей-1, №1мектеп-гимназия-5) есепте тұрды. Ал, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1501 1502 1503 1504 1505 1506 1507 1508 1509 1510 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2346
mod_vvisit_counterКеше3078
mod_vvisit_counterОсы аптада14813
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда5424
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4367582

Серіктестер