|
Бүгінде халықаралық нарықта сапалы азық-түлік пен ет өнімдеріне күн санап сұраныс артып келеді. Ал, бұл орайда өзінің аграрлы әлеуетімен Қазақстан бұл сұраныстың кез келген көлемін өтеуге қабілетті.
Әсіресе, ет өнімдерін экспорттауда отандық кәсіпорындар өз мүмкіндігіне көптің көзін жеткізуде. Бұл орайда, экспортқа бағытталған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан да үлкен қолдауға ие болуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында да «Негізгі міндет- еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту қажет» - деп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруды міндеттеді. Өз кезегінде «Әулие-Ата Феникс»
|
|
Обновлено 04.03.2019 11:14 |
|
Толығырақ...
|
|
Наше государство во главе с Президентом страны уделяют особое внимание воспитанию молодежи. Н.Назарбаев последователен в проводимой молодежной политике – это Закон «О молодежной политике РК», «Концепция государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года: путь в будущее» и стратегическая программа «Казахстан -2050», и наконец, объявленный Год молодежи. Горизонты возможностей для молодых, инициативных теперь расширены.
Известно, что разработан проект Дорожной карты по реализации государственной молодежной политики, где поставлены ключевые задачи - образование, занятость, здоровье, доступное жилье, развитие предпринимательской деятельности и повышение финансовой
|
|
Толығырақ...
|
|
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы" мемлекеттік мекемесі Елбасының 1996 жылғы 1 шілдедегі №3049 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін кіші командалық құрамды даярлау мақсатында құрылған. Содан бері аталмыш оқу орны еліміздің қорғаныс саласына қажетті кадеттерді дайындауда.

Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің қызметкері Нұрлан Даулетбаев аудан орталығындағы №1, Ғани Мұратбаев, Нығметулла Киікбаев, Сарыкемер мектеп-гимназиялары мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде болып, жоғары сынып оқушыларымен аталмыш Кадет корпусына оқуға түсу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Кадет корпусының мақсат-міндеттері, оқуға қабылдау шарттары мен түсу тәртібі туралы кеңінен ақпараттар берілді. Оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан әрі қарайғы кезеңдерді тікелей Кадет корпусында өтетіні айтылды. Атап айтқанда, ол түбегейлі медициналық куәландыру және кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, конкурстық іріктеу. Қабылдаудың әр кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді. Іріктеудің барлық кезеңдері ағымдағы жылғы тамыздың 1-і мен 20-ы аралығында өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер корпустың аумағында орналастырылады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25-тен аспаған азаматтар қабылданады. Аттестаттың орташа ұпайы 3.5 кем емес немес GPA 2-ден кем емес болуы тиіс. ҰБТ сертификаты және кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері қажет етілмейді. Оқытудың жалпы мерзімі 1 жыл 10 айды құрайды. Кадет корпусын аяқтаған соң кадеттермен оның ішінде, шетел әскери оқу орындарында біліктілікті міндетті түрде арттыра отырып, келешекте әрі қарай мансаптық өсумен 10 күнтізбелік жыл мерзіміне Қарулы Күштердің сержанттар құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кепілді әлеуметтік пакет, оның ішінде, бөлімше командирінен Қарулы Күштердің Бас сержантына дейін мансаптық өсу мүмкіндігі, қызметтік баспанамен қамтамасыз етілу немесе тұрғын үй төлемдері, тегін медициналық қызметті, оның ішінде, отбасы мүшелеріне алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерде кезектен тыс орындармен қамтамасыз ету қарастырылған. Кадет корпусының түлектеріне техникалық кәсіби білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом, «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі беріледі және 3-сыныпты «ЖӘЖМ механик-жүргізушісі» біліктілігі беріледі. Кездесуде оқушылар Кадет корпусына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Нұрболат СҰРАНШИЕВ. |
|
Обновлено 04.03.2019 11:12 |
|
Аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенттері мен консультанттарының негізгі мақсаты - жәрдемақы алатын адамдарға қолдау көрсету, жұмыс іздеуге жәрдемдесу, әлеуметтік бейімдеу бойынша қажетті қызметтер кешенін қамтамасыз ету және жәрдемақы алатын адамдардың міндеттемелерді орындауын бақылау болып табылады.
Тұрмысы төмен отбасындағы жағдайға дара тіл табу, әрбір нақты жағдайда бейімдеудің нақты бағыттарын әзірлеу жүйені жаңғыртудың нәтижесі. Ассистент – отбасыны жанамалау, кеңес беру, сұхбат өткізуде, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауды бақылауда әлеуметтік жұмыс бойынша
|
|
Толығырақ...
|
|
Қайырымдылық– адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы.

Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Осы мақсатта, аудан орталығындағы "Байзақ баба" мешітінің имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруы және "Харекет" қайырымдылық қорының демеушілігімен
|
|
Обновлено 04.03.2019 11:09 |
|
Толығырақ...
|
|
|