Онлайн газет



ЕЛ ТІРЕГІ - АТА ЗАҢ

Вот уже 24 года казахстанцы традиционно отмечают День Конституции Республики Казахстан. 30 августа 1995 года на общенациональном референдуме после десятков тысяч согласований и обсуждений в стране была принята Конституция. И это стало одним из решающих моментов на пути построения Казахстаном независимого государства. Конституция является гарантом стабильности. И, наверное, закономерно, что на сегодняшний день именно Казахстан по праву является наиболее стабильным и развитым в экономическом отношении государством Центральной Азии.
Накануне праздника мы провели блиц-опрос среди жителей нашего района.

 

Сейдахмет АБИШЕВ,
еңбек ардагері:
- Ата Заң - мемлекетіміздің басты төлқұжаты саналады. Елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын Заңда мемлекеттің барлық құрылымдары, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетілген.
Ата Заңымызды басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында

Толығырақ...
 
ЖЫР - ШАШУ

ҚАЗАҚСТАНЫМ

Айдындай мөлдір аспаны керім,
Аймалап өпкен асқары көгін.
Төсінен сүттей сорғалап бұлақ,
Өрнектеп гүлмен тастады жерін.

Балаған ақық – асылға тасын,
Заңғар таулардың басында жасын –
Найзағай намыс ойнаған өлке,
Өр кеуде ешкім басынбаған. Шын.

Шынарын ұлпа ақ бұлт көмкерген,
Самалды таңы шаттықпен келген.
Бұлағы қыздың бұрымы сынды,
Шолпысын тағып пәктікпен өрген.

Дарқан көңілмен далиып дала,
Жантайып жатыр шаниып қана.
Ерікті ұлдары елестеді,
Қалқыған көкте ақиықты ана.

Сәйгүліктерінің алатын терін,
Сал-сері, ақын табатын төрін,
Батыр бабалар – Сақ пен ғұндардан,
Мұраға қалған Жәннәті жердің.

Тұтастық, бірлік арайын жағып,
Ұғынған туыс, ағайын халық.
Елдіктің туын көтерген мәңгі,
Достықтың алтын сарайын салып.

Жерұйық басқа таба аласың ба.
Ерлікті тағдыр бағалар сында,
Өткенді жалғап, бастады көшті,
Қазақстаным жаңа ғасырға.


ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰЛЫМЫН

Елтаңба, Ту, Әнұран да болғанды,
Еліміз де жеріміз де қорғалды.
Неге және неден алдық бостандық.
Бағамдап бір қайтайықшы сол маңды.

Одақта да болған едік “Кеңестік”,
“Еркін болдық басқалармен теңестік.
Бұндай бақыт болған емес қазақта,
Бақытты елдің ұрпағымыз!”– деп өстік.

Төскейге алған толқын тектес уақытты,
Менің елім бүгін тағы бақытты.
Кешегі күн қызарыпты батыпты,
Бүгінгі таң көкте күліп атыпты.

Бүгінгінің жөні бірақ бөлектеу,
Басты мақсат – көкіректі көр етпеу.
Бүгінгіден бастап енді тоқталсын,
Жалған ұран жетегінде дедектеу.

Рухы азат, елім қазақ. Қазақтың
тағдырында Тәңір қанша жаза арттың
Өте білді отынан да тозақтың,
Алдымызда біз аңсаған ғажап күн.

Өзгенің де өзегінен теппе деп,
Өзіме айтам, көзіңе айтам сөкпе тек.
Қанша қиын болса дағы тек өзім,
Тағдырыммен тайталасам бетпе-бет.

Арбау үшін тауып талай амалды,
Аңғал елге аждаһа ашса аранды.
Атқа қонған еркін елдің ұлымын,
Өзін ғана билейтұғын санамды.

Жанатбек Тұрғынбаев,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

 
БИЫЛ 2 900 ОҚУШЫ 1 - СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Ауданда 43  жалпы білім беретін мектеп (оның ішінде: 5-еуі бастауыш, 3-еуі негізгі, 35-і  орта мектептер) бар. Жалпы білім беретін 43 мектептің 33-і қазақ тілінде, 10-ы қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
2019 - 2020 жаңа оқу жылында аудан мектептерінде 20 876 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 2 900 оқушы 1 - сыныпқа қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап, 4,9,10 - сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша оқитын болады.
*     *     *
Өткен жылмен салыстырғанда 2019 жылға білім беру саласына бөлінген қаржы

Обновлено 02.09.2019 10:18
Толығырақ...
 
ЖАЗДЫҚ ТЕАТР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Қазіргі күні, аудан көлемінде “Ауыл - ел бесігі” жобасы аясында отызға жуық нысандарға тиісінше күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Сондай нысандар қатарында көп жылдан бері қараусыз қалған жаздық театр да бар.

Сарыкемер ауылдық округінің әкімі аппаратының тапсырысы негізінде бүгінде жаздық театрға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде. Жарқынбек Набиев басқаратын “Арқат өркендеу” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұндағы жұмыстарды тамыз айының басында бастап та кеткен болатын. Қазір ондағы құрылыс қарқын алып, ғимараттың іші мен сырты жаңаша сипатқа

Обновлено 02.09.2019 10:17
Толығырақ...
 
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Әлем бойынша жылына көлік апатының салдарынан 1 миллион 240 мың адам көз жұмады екен.  Олардың арасында, әсіресе,   балалар зардап шегіп жатады. Бұдан бөлек, жыл сайын миллиондаған адам жол апаты салдарынан жараланады. Егер жол-көлік оқиғаларын азайтпаса 2030 жылға қарай бұл адам өліміне себеп болатын жетінші көрсеткіш деңгейіне көтерілмек.

Үстіміздегі жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Байзақ ауданының  аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларына сараптама жүргізілді. Есепті кезеңде ауданның тас жолдарындағы жол-көлік оқиғалар саны 59-дан 52 дерекке, немесе -11,9 %, ал онда қаза тапқандар саны

Обновлено 02.09.2019 10:15
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1401 1402 1403 1404 1405 1406 1407 1408 1409 1410 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2792
mod_vvisit_counterКеше4170
mod_vvisit_counterОсы аптада2793
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда17299
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4379457

Серіктестер