Онлайн газет



ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

2019 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасарымен 26 тамыз бен 26 қыркүйек аралығында тұрғын үй секторында және көпқабатты үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспары бекітілген болатын.

Жоспарға сәйкес, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторында және көп қабатты үйлерде өрт қауіпсіздігінің  алдын алу мен оларды болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, айлық аясында бұқаралық ақпарат құралдарында

Толығырақ...
 
АЙБЫНЫ АСҚАҚ – АТА ЗАҢ!

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заңымыз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқының бірлігін бекітті. Егемендігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Осылайша Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына,  дамудың  қайнар бастауына айналды.  Адам мен азаматтың Конституциялық мәртебесін белгіледі.
Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға құт-береке, бейбітшілік, жақсылық тілеймін.

Нұржан Нұржігітов,
аудан әкімі.

 

Қадірлі байзақтықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
24 жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірген. Ата Заң - біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Ол еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.
Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтай түсуде. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан да біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай берейік!
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Нұржан Тлепов,
аудандық мәслихат хатшысы.

 
АТА ЗАҢЫМ - АСЫЛЫМ

Тәуелсізбін, тапқан шын халқым бағын,
Арайланып атады жарқын таңым.
Баршасына кепілдік берген соның,
Конституциям – аялы Алтын Заңым.

Толығырақ...
 
КОНСТИТУЦИЯ - АЗАТТЫҚТЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ҚҰЖАТ

1995 жылдың 30-шы тамызында Қазақстан халқы үшін ең еңселі елдік оқиға болып, Ата Заңымыз өмірге келді. Ақ пен қараның ара жігіне әділ өлшемін дәл бере алатын қуаты жоғары Конституция  еліміздің дамуына өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Конституция күні — халқымыз үшін ең қастерлі мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған, кемел келешегіміздің кепілі саналатын Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 24 жыл толып отыр. Кеше, айтулы күнге орай, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Ата Заң - айбыным» атты салтанатты жиын

Обновлено 02.09.2019 10:31
Толығырақ...
 
ОСНОВНОЙ ЗАКОН ГОСУДАРСТВА

30 августа в Казахстане отмечают  главный государственный праздник – День Конституции. Буквально накануне этого торжества мы встретились с председателем районного суда Ергазы Тилеубековым и задали ему ряд вопросов.

-  День Конституции - это профессиональный праздник судей. В связи с этим событием, хотелось бы узнать, какие мероприятия Вы запланировали к этой дате?

- День Конституции – это профессиональный праздник не только для судебной системы но и для всех граждан нашей страны. Любое цивилизованное государство должно быть развитым в правовом смысле этого слова, и Конституция в этом вопросе является гарантом защиты прав. Все другие Законы, содержащие специальные нормы, должны  не выйти за рамки

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1401 1402 1403 1404 1405 1406 1407 1408 1409 1410 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3026
mod_vvisit_counterКеше4170
mod_vvisit_counterОсы аптада3027
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда17533
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4379691

Серіктестер