Онлайн газет



ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2020: ӨҢІРДЕГІ ӨРКЕНДІ ІСТЕР ӨРІСІ

Тағы бір жылды артта қалдырып, тарих еншісіне тапсырдық. Өткен жыл еліміз, соның ішінде, ауданымыз үшін жетістіктерге толы болды. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп 100,3 %, ауыл шаруашылығы 106,5 %, бюджеттің игерілуі 100 % орындалады деп болжамдалуда. Жаңа 2021 жылға  толымды табыспен, үлкен үміт және зор сеніммен жеттік.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Алғыс айту күніне орай, Сарыкемер ауылынан «Қоғамдық келісім орталығы»  ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев, түрік этномәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамов  сөз алып,  аудандық ардагерлер

Обновлено 05.01.2021 11:06
Толығырақ...
 
НЕМЕРЕМНІҢ ЕСІМІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ

Жас кезімде Кемел Тоқаев ағаның кітаптарын іздеп жүріп оқушы едім. Кемел аға жақын ағамдай болып кетті. Жиі-жиі ойға орала береді. Оның бір дәлелі 11-ші немерем өмірге келерде балам Дәулет пен келінім Динарамен ақылдасып, немеремнің есімін Қасым-Жомарт деп атау туралы ақылдастым. Олар да менің ойыммен келісті.
2012 жылдың сәуір айында Қасым-Жомарт Кемелұлына келісімін сұрап, хат жаздым. Хатымда Кемел ағаның кітаптарынан үзінділер келтіре отырып, немерем өмірге мамыр айында келетінін де жаздым. Хатыма жауап келмеді. Ол кісі елімізде жоқ екен.
2014 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы елге келгенде ол кісіге тағы да хат жаздым. Біз күткен жауап та келді. Хатында маған ризашылығын білдіріп, немереме өз батасын беріп, тілек тілеп, өзінің әкесі және өзі туралы жазған кітаптарын салып жіберіпті.
Кіші Қасым-Жомарт білім баспалдағына қадам жасар кезде де ол кісіге хат жаздым. Бұл хатыма да әдемі тілектері бар жауап хат келді.
Қасым-Жомарт Серік Сарыкемер мектебінде 1-сынып оқып жүргенінде ІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауында көркем сөз оқудан І-дәрежелі Диплом мен Кубокты жеңіп алды. Кіші Қасым-Жомарттың жеткен жетістігін де ол кісіге хабарлап, Президенттік қызметіне сәттілік тілеп, хат жаздым.
Президент сайлауында №30 сайлау учаскесінде 1 122 сенімді өкіл болып тіркелдім.
Үгіт насихат жұмыстарын жүргізген кезде қарапайым менің тілегімді қабылдап, хатыма жауап қайтаруы менің басты құралым болды. Сайлаушылардың сенімін ұлғайта түсті. Кіші Қасым-Жомарт кейде бірге жүріп тақпақтарын айтып толықтыра түсті.
Өз сөзімде Қасым-Жомарт Кемелұлының қарапайым менің хатыма мұқият жауап беріп, жақсы тілегін аямайтын жоғары мәдениетті адам екенін халыққа жеткізіп отырдым.
Кезінде Сапар Имашев аға 6 жасында Қасым-Жомартқа ойыншық ұшақ сыйлады. Осы уақытқа дейін ол құнды дүние ретінде сақталып келеді.
Сайлау науқанында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 93,3% дауысқа ие болып, жеңіске жеттік. Аудандық «Nur Otan» партиясының Алғыс хатымен марапатталдым.
Алдағы уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлымен кіші Қасым-Жомарт Дәулетұлы жүздесіп, әңгімелеседі деген үмітім бар.

Серік Балабеков,
Жамбыл облысының Құрметті ардагері.

 
«NUR OTAN»-НЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

Байзақ ауданында «Nur Otan» партиясынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екеніне тоқталып, білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салаларда сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатындарын айтты.
– Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сай өңірде 38 дәрігер

Толығырақ...
 
ҚОСТӨБЕДЕГІ ҚОС ҚУАНЫШ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, аудан аумағында ел игілігіне ұсынылып жатқан нысандар қатары артқаны белгілі. Енді, міне жақсы істер қатары еселеніп, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қостөбе ауылдық округінде қос қуаныш қатар аталып өтті. Қостөбелік тұрғындардың қос қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы барды.

Ел болашағы жас ұрпақ жағдайын қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асуда. Нәтижесінде, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін назардан тыс қалдырмаған облыс және аудан басшылығы «Ауыл – ел бесігі» жобасы

Обновлено 30.12.2020 11:24
Толығырақ...
 
ЕҢБЕК ЖЕМІСІ - ҚҰРМЕТ

Жақында Дихан-2 ауылының тумасы, қос ағайынды Жарқынбек пен Бақытжан Жақсымбетовтер мәртебелі марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Тәуелсіздік мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Сенатының сектор меңгерушісі Жарқынбек Пәрмешұлы мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен  наградталды.
Ал, Бақытжан Пәрмешұлы еңбек жолын заң саласынан бастаған, төртінші сайланған Жамбыл облыстық мәслихатына ауданымыздан депутат болып сайланып, өңіріміздің

Обновлено 30.12.2020 11:19
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1181 1182 1183 1184 1185 1186 1187 1188 1189 1190 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3295
mod_vvisit_counterКеше3687
mod_vvisit_counterОсы аптада3295
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда56518
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4418676

Серіктестер