Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЭТИКАСЫ

Мемлекеттік қызмет – халық пен билік арасындағы дәнекер. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғаммен азаматтардың арасында сенімділік орнатуы – мемлекеттік қызметкердің тікелей міндеті. Әрбір мемлекеттік қызметшінің сөзі мен ісі мемлекеттің беделін қалыптастырады. Сондықтанда бүгінгі күні қызметкерлердің кәсіби шеберлігімен қатар, олардың этикасыда ерекше маңызға ие.
Мемлекеттік қызметшінің этикасы – қызметтік міндетін орындау барысында сақталатын әдеп нормаларының жиынтығы. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында, атап айтқанда

Толығырақ...
 
ТАЗАЛЫҚ - ОРТАҚ ІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы кеңінен қолдау табуда.
Биылғы жылдың басынан  бері “Таза Қазақстан” акциясы аясында республика бойынша 1 мыңнан астам іс-шара өтіп, оған 4,2 миллионнан астам адам қатысқан. Оның 357 мыңы - еріктілер. Еліміз бойынша 570 тонна қалдық жиналып, 870 мың гектар аумақ қоқыстардан тазартылған

Толығырақ...
 
СЫБАЙЛАСТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ - МІНДЕТ

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Бурыл ашық әкімдігі» алаңы жұмыс атқаруда. Мұндай «Ашық әкімдік» және «Сервистік әкімдік» халықпен іс-әрекет етудің жаңа және тиімді түрі. Сыбайлас жемқорлық деңгейін

Толығырақ...
 
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

Өткен аптада аудан орталығындағы №8 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл  толуына орай Жамбыл облысының мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасындағы дәстүрлі ІІІ-облыстық спартакиада өтті.
Спорттың волейбол, үстел теннисі, арқан тарту түрлері бойынша өткен жарысқа Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихат пен аудандық мәслихаттардың командалары қатысты.
Алаң иесі әрі аталған спартакиаданы ұйымдастырушы ретінде біздің аудан командасы

Обновлено 07.10.2025 11:00
Толығырақ...
 
ИХСАН – ИСЛАМНЫҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ

Адамзат тарихында рухани кемелділікке жету мәселесі әрқашан басты тақырыптардың бірі болып келген. Ислам өркениетінде бұл мақсат ихсан ілімі арқылы айқындалды. Ихсан сөзі араб тілінде «жақсылық жасау», «кемелдікке жету» деген мағынаны білдіреді. Діни дәстүрде ихсан – «Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, ал егер сен Оны көрмесең де, Оның сені көріп тұрғанын сезіну» ретінде түсіндіріледі. Демек, ихсан – адамның ішкі сенімі мен сыртқы іс-әрекетін үйлестіру арқылы рухани кемелдікке жету жолы.
Қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымында ихсан іліміне сәйкес келетін ұғымдар аз емес. Дәстүрлі мәдениетте имандылық, адалдық, ізгілік сияқты түсініктер халықтың діни әрі этикалық өмірін сипаттайды. Сондықтан ихсан ілімін қазақ руханиятымен байланыстыра зерделеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Құран Кәрімде Алланың жақсылық жасаушыларды жақсы көретіні айтылады. Бақара сүресінің 195-аятында: «Шын мәнінде, Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді» делінген. Пайғамбарымыздың хадистерінде де ихсан ұғымы иман мен исламнан кейінгі ең жоғарғы рухани саты ретінде

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4204
mod_vvisit_counterКеше4741
mod_vvisit_counterОсы аптада8945
mod_vvisit_counterӨткен аптада31797
mod_vvisit_counterОсы айда63042
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3833320

Серіктестер