Онлайн газет



ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Өткен аптаның жексенбісінде  Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауы болып өтті. Ауыл әкімін сайлау – тек саяси шара ғана емес, бұл – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі десек орынды болмақ.
Бурыл ауылдық округінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталып, әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, ауыл әкімі болуға ниетті кандидаттар арасынан өз таңдауларын жасап, азаматтық жауапкершілік танытты.
Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.
Ауылдық округ әкімінің сайлауына екі кандидат сайлауға түссе, олардың екеуі де өзін-өзі ұсынған. Сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері және тәуелсіз байқаушылар

Обновлено 14.10.2025 11:14
Толығырақ...
 
ОН ЖЕТІ АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен “Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмыссыздарға, жұмыс іздеушілерге, арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңкеге аудан бойынша  жұмыссыздар, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтар, алимент бойынша берешегі бар борышкерлер және жұмыс беруші мекемелер қатысты.
Жұмыс беруші тараппен бірлесе отырып, жәрмеңкеге қатысқан азаматтарды жұмысқа орналасуына жәрдем беру туралы мәселе қарастырылды.
Жалпы, жәрмеңкеге 65 жұмыссыз азаматтар қатысып, барлығы жұмыс берушілермен 

Обновлено 14.10.2025 11:11
Толығырақ...
 
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ УЫСЫМЫЗДАН ШЫҚПАСЫН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы халыққа Жолдауында қазір дүниежүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басқаны, бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтынына тоқталды.
«Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл-баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет»,- деп атап өтті.
«Заң және тәртіп» қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болу керектігін, мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір отбасының өзінен басталуы қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде: өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды

Обновлено 14.10.2025 11:06
Толығырақ...
 
ӨМІРІ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ЖАН

Менің аудандық «Ауыл жаңалығы» газетіне жұмысқа кіріскеніме 4 жылдан аса уақыт болды. Ең алғашқы күндері-ақ бас редакторым аудандық ардагерлер кеңесінің спартакиадасы өтетінін айтып, соған жіберді. Барған бетте қолымдағы фотоаппарат пен блокнотымды байқаған бір жігіт келіп амандасты да, редакциядан келдіңіз бе?-деп алдымен өзін таныстырды. Өте ашық, дауысы қаттырақ шығатын, елгезек жан екен.
Міне менің аудандық ардагерлер кеңесіндегі спорт және денсаулық жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серік Кембаевпен таныстығым осылай басталған еді. Меніңде спортқа жақындығым бар, оның үстіне Серік екеуіміз жас жағынан да шамалас болып шықтық.
Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Жетібай ауылының тұрғыны, ауданның құрметті ардагері

Обновлено 14.10.2025 11:05
Толығырақ...
 
ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары мемлекет ішінде қауіпсіздік мәселелері өзекті болды. Қоғамдық және табиғи қауіптерді тиімді басқару, апаттар мен Төтенше жағдайларға жедел жауап беру үшін арнайы құрылымдар қажет болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды.
Осы уақыт аралығында Министрлік еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, Төтенше жағдайлардың алдын алу

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3251
mod_vvisit_counterКеше4741
mod_vvisit_counterОсы аптада7992
mod_vvisit_counterӨткен аптада31797
mod_vvisit_counterОсы айда62089
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3832367

Серіктестер