|
Тараз қалалық емханаларында жалпы білім беретін орта мектептердің педагогтарына коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталды. Оны алғашқылардың бірі болып облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмила Бекбатырова салдырды. Вакцина қабылдар алдында Жәмила Елеуқызы дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң, алғашқы екпені алды. Дәрігердің бақылауында 30 минуттай болған Ж. Бекбатырова өзін жақсы сезінетіндігін айтты. Қалалық №5 және ZHANUYA емханаларында таңертең басталған егу науқанына
|
|
Толығырақ...
|
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қостөбе ауылдық округіндегі Талас ауылында «Көктем – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
 Үстіміздегі жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және күштері мен құралдарын дайындау мақсатын көздеген шара барысында барлық аудандық Азаматтық қорғаныс күштерімен халықты құлақтандыру, оларды қауіпсіз орынға көшіру, апат аумағын тік ұшақпен, ұшқышсыз ұшу ақпаратымен барлау, адамдарды іздеу, құтқару, оларға алғашқы медициналық
|
|
Обновлено 09.03.2021 10:22 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудандық мәслихаттағы тұрақты комиссия мәжілісінің Қаулысымен бекітілген іс – шаралар жоспары аясында, аудандық мәслихат депутаты Елнұрбек Ермековтің жетекшілігімен «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
 Онда күн тәртібіне сәйкес, «Бурыл және Түймекент ауылдық округтері тұрғындарын тұрғын үй салу үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар» туралы Бурыл ауылдық округінің әкімі Әлібек Қуанышев пен Түймекент ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Талғат Мысықбаевтың есепті баяндамалары тыңдалды. Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе «Байзақ ауданы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде шағын және орта кәсіпкерлікті
|
|
Обновлено 09.03.2021 10:19 |
|
Толығырақ...
|
|
Біреудің мұң-мұқтажын өтеу, қолдан келгенше жағдайын жеңілдету, көмек беру – сауапты іске жатады. Алғыс айту күніне орайластырылған қайырымдылық шарасында 50 отбасы қуанышқа бөленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мейрам ұлыстар достығын нығайта түсуге, қоғам мүшелерін өзара сыйластыққа, өзара көмекке, қайырымдылық істерге үндейді əрі отаншылдыққа
|
|
Толығырақ...
|
|
Келбет қандай, сымбат қандай, Тылсым дүние тіл қатқандай, Қимыл қандай, ырғақ қандай, Төзіміңді ұрлатқандай, Гүл-гүл жайнап бұлбұлдайын, Іңкәрлікпен жырлатқандай.
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1141 1142 1143 1144 1145 1146 1147 1148 1149 1150 Келесі > Соңғы >>
|