Онлайн газет



ЖҰМЫС ТОБЫ МҮШЕЛЕРІ АУДАНЫМЫЗДА

Жамбыл облысы аумағында былтырғы жылы бастау алған ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен мақұлданып, оны іске асыру бойынша жұмыс топтары құрылған болатын. Аталған жоба аясында құрылған жұмыс топтары апта басында біздің ауданда болды.

Карантин талаптарына сәйкес, үш күн көлемінде ауданда болатын кешенді іс-шараларды өткізетін топ құрамында этнос және конфессияаралық келісім, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту, құқық қорғау саласы секілді бағыттар бойынша үш жұмыс тобы бар. Жамбыл облысының тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, толғандыратын мәселелерді анықтап, шешу бойынша жұмыстар

Обновлено 10.03.2021 10:44
Толығырақ...
 
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

«Этнос және конфессияаралық келісім» тобының күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес, Бурыл ауылдық округінде орналасқан Өнер мектебінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» тақырыбына арналған ашық алаң ұйымдастырылды.

Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу мақсатын көздеген шараға облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Қуанышов, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әдістемелік бөлім басшысы Аққу Қаратаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова қатысты.
Топ мүшелері мектеп фойесінде түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығына арналған көрмені тамашалаған соң, іс-шара «Құлпынай» би тобының «Қазақ биімен»

Обновлено 10.03.2021 10:41
Толығырақ...
 
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жыл сайын көктем айы келісімен аудан аумағында санитарлық-тазалық шаралары кең көлемде жүзеге асырыла бастайтыны белгілі. Қыстай қар астында жатқан күл - қоқыс, әр жерде үйілген тұрмыстық қалдықтар, «Талас» өзені жағалауында төбе-төбе болған жабайы қоқыс алаңшақтары менмұндалап көңілге кірбің түсіріп қана қоймайды, ең қиыны қоршаған ортаға үлкен залалын тигізетіні анық.

Осы мақсатта, аудан әкімдігінің “Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығын өткізу туралы” Қаулысы қабылданып, өткен сенбі күні жалпы аудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған болатын.
«Тараз - Сарыкемер», «Сарыкемер - Дихан» және «Сарыкемер - Байзақ» бағытындағы автомобиль жолдарының бойына жүргізілген сенбілік жұмыстарына жалпы 374 адам қатысып, өздеріне берілген жер бөлінісінде

Обновлено 10.03.2021 10:39
Толығырақ...
 
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ

“Бейбітшілік пен келісім” жобасы аясында құрылған үш жұмыс тобының  біріншісі - “Этнос және конфессияаралық келісім” тобы.  Аталған топтың мүшесі, Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ақтолқын Исқалиева аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен кездесу  өткізді.

Аудандық орталық кітапхананың “Білім орталығында” өткен шараны аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов ашып, жүргізіп отырды.
Бұдан соң  сөзді алған Айтолқын Исқалиева ономастикалық атаулардың қоғaмдық-caяcи мaңызына тоқтала келе, ономастикалық атауларды беруде Қазақстан Республикасы “Тіл туралы” Заңның 25-бабының 5-тармағы басшылыққа алынатындығын

Обновлено 10.03.2021 10:36
Толығырақ...
 
ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ГЕНДЕРНОГО РАВЕНСТВА

В районном суде под председательством судьи Ертая Аккулиева и с участием специалистов суда прошел семинар на тему: «Гендерная политика – гендерное равенство».

В своем выступлении судья Е.Аккулиев отметил, что гендерная политика в Казахстане предполагает широкий и комплексный подход, заключающийся в охвате всех сфер общественных отношений, касающихся прав и законных интересов мужчин и женщин, а также установления равных возможностей для них. Также остановился на преимуществах и основных правилах концепции семейной и гендерной политики

Обновлено 10.03.2021 10:33
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1141 1142 1143 1144 1145 1146 1147 1148 1149 1150 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4143
mod_vvisit_counterКеше3687
mod_vvisit_counterОсы аптада4143
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда57366
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4419524

Серіктестер