Онлайн газет



АЛЬМЕРЕЙ – «СПОРТ ШЕБЕРІ» АТАНДЫ

Бүгінде спорттың қай саласы болмасын аудан жастары бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтатып жүргені анық. Олардың қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған биіктерін оқырман қауымға «сүйіншілеп» жеткізуге асығатынымыз рас. Сондай дарынды жастың бірі, боксшы Альмерей Анарбаев десек артық болмас.
Сарыкемер ауылындағы №9 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің «Бокс» бөлімінде Болат Джарымбетов пен Думан Қырғызалиев сынды бапкерлерден тәлім алған Альмерей Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде алтыннан алқа тағынып, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына қол жеткізіп қайтты. Ағымдағы жылғы шілде айының соңғы күндерінде бес күнге созылған халықаралық деңгейдегі додада

Обновлено 09.08.2021 10:45
Толығырақ...
 
ЕЛ ИГІЛІГІН КӨЗДЕГЕН ШАРА ЖАЛҒАСУДА

Қоғамдық қабылдау күрмеулі мәселелерді шешуге көмектеседі. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу. Аудан әкімінің қатысуымен әр ауыл, ауылдық округтерде өткізіліп жатқан көшпелі қоғамдық қабылдау туралы көзі қарақты оқырман қауым құлағдар.

Кеше, ел игілігін көздеген шара өз жалғасын тапты. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, оның орынбасары Болат Сағынбеков, аппарат басшысы Еркін Заурбеков, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық полиция бөлімі мен электр желілерін тарату мекемесінің өкілдері тарапынан Диқан ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.
Елді мекендегі мәдениет үйінде санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған қабылдауға тұрғындар белсенді түрде

Обновлено 04.08.2021 13:03
Толығырақ...
 
«ЕРЛІК БҰРЫШЫ» АШЫЛДЫ

Өткен аптада аудандық полиция бөлімінде 1982 жылғы 22 шілдеде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан милиция аға лейтенанты Жақсыбек Рәпілбекұлын еске алуға арналған «Ерлік бұрышы» ашылды.

 

ӨМІРДЕРЕК

Рәпілбеков Жақсыбек Рәпілбекұлы, 1948 жылы 26 наурызда, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.
Әкесі Рәпілбек Жайнақов Ұлы Отан соғысына қатысып, кейіннен Байзақ ауданы, Ровный

Обновлено 04.08.2021 13:02
Толығырақ...
 
ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНЕ 33 ТОННА ШӨП ЖӨНЕЛТІЛДІ

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті. Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық орын алуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды.

Осылайша, Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы  теміржол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық аудандарынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.
Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау

Обновлено 04.08.2021 12:58
Толығырақ...
 
БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ОЗАР

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Пандемияға қарамастан еліміз өсіп-өркендеу үстінде. Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономикамыз дамуда. Мұның бәрі бірлік пен татулықтың арқасы деп білген жөн.
Қазақ халқында “Бірлік бар жерде тірлік бар”, “Байлық байлық емес, бірлік байлық” деген қанатты сөз бар. Бейбіт заманды басты байлығы санаған халқымыз қашанда татулықты ту етіп келеді. Халықтар бірлігі бәрінен қымбат қазына саналған.
Қазақ жерінде бірнеше ұлт пен ұлыстар, діндердің өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Халқымыздың жиырма пайызын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жас қазақстандық азаматтар дегеніміз-тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін жауапкершілік екенін есте ұстаулары керек” деген сөзінде

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1061 1062 1063 1064 1065 1066 1067 1068 1069 1070 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1577
mod_vvisit_counterКеше2798
mod_vvisit_counterОсы аптада4375
mod_vvisit_counterӨткен аптада43019
mod_vvisit_counterОсы айда61901
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4424059

Серіктестер