|
Мемлекет басшысы бұған дейін мал азығын дайындау барысын, суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз етуді реттеу бойынша нақты міндеттер қойған болатын. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жексенбі күні Байзақ және Жамбыл аудандарына барып, егістіктерді сумен қамту бойынша атқарылып жатқан шаруалармен және бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.
 Аймақ басшысы алдымен Талас су торабына атбасын бұрып, жай-күйіне қанықты. Ағынды реттеу мақсатында пайдаланылатын су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 267 текше метрді құрайды. Оған суаруға жататын 44,92 мың гектар жер бекітілген. Бұл туралы «ҚазСуШар» РМК облыстық филилы директоры Қазыбек Бедебаев баяндады. Негізінен Жамбыл облысы жер үсті су ресурстарының 80 пайызына жуығын Шу мен Талас
|
|
Обновлено 23.08.2021 11:51 |
|
Толығырақ...
|
|
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен былтыр 14 ауылдық округте тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар баспаналы болған болатын.
 Биыл да аталмыш үрдіс өз жалғасын тауып, Байзақ ауданында 18 ауылдық округте 18 тұрғын үй салу жоспарланған. Ағымдағы жылы Кеңес ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер елді мекендегі тұрмысы төмен отбасын баспанамен қамтамасыз етсе, өткен сенбіде Диқан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылында аталмыш жоба бойынша екінші тұрғын үй
|
|
Обновлено 23.08.2021 11:49 |
|
Толығырақ...
|
|

Бүгінде, облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша оның салалық орынбасарлары өңірді аралап жүргені туралы көзі қарақты оқырман қауым құлағдар. Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов арнайы іссапармен ауданымызға келіп, бірқатар нысандарды аралап қайтқан болатын. Нұржан Молдиярұлының алғашқы жұмыс сапары Үлгілі ауылдық округінен басталды. Онда үлгілілік тұрғындармен кездескен облыс әкімінің орынбасары халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған пилоттық жоба
|
|
Обновлено 23.08.2021 11:46 |
|
Толығырақ...
|
|
Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» - дегендей, аудандағы шешімін күткен күрделі мәселелердің бірегейі автокөлік жолдарының жайы болса, бүгінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары арқылы бұл мәселе де шешімін табу үстінде.

Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Шұғыл түрде жөндеуді талап етіп келген аудан жолдарының жағдайы бүгінгі күні едәуір жақсарғанын атап өтуге болады. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов сенбі күні аймақтағы көшелер мен жолдарға жүргізіліп жатқан орта жөндеу жұмыстарын зерделеді. «Ауыл - ел бесігі» мемлекетті бағдарламасы аясында 297 млн. теңгеге ауданға қарасты Диқан, Аймантөбе, Түймекент, Жақаш, Қарасу, Көкөзек ауылдарындағы
|
|
Обновлено 23.08.2021 11:46 |
|
Толығырақ...
|
|
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін атап өту мақсатында, аудан аумағында көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның айқын айғағы — мереке қарсаңында Кеңес ауылында тұрғындарды қуанышқа бөлеп, елді мекен ажарын ашқан жаңа саябақтың пайдалануға берілуі. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілген жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, көптеректік тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. - «Ауылына қарап, азаматын таны»,-дегендей, туған елімізді абаттандырып, көркейтуге
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1061 1062 1063 1064 1065 1066 1067 1068 1069 1070 Келесі > Соңғы >>
|