Онлайн газет



ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Кез келген мемлекеттің даму деңгейі мен тұрақтылығы оның басқару жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты. Ал осы жүйенің қозғаушы күші, мемлекет пен бұқара халықтың арасындағы алтын көпір-мемлекеттік қызметшілер. Олардың күнделікті атқаратын жұмысы мен қабылдайтын шешімдері елдің ішкі ахуалына, экономикасына және әрбір азаматтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Олай болса, бүгінгі қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің басты міндеті қандай?
Мемлекеттік қызметтің ең басты қағидасы - «халық үшін жұмыс істеу». Қазіргі таңдағы басты бағыттардың бірі

Толығырақ...
 
ҮЛГІ ТҰТАР НАҒЫЗ ТҰЛҒА

Мектепке дейінгі білім беру – ұлт болашағының берік іргетасы. Ал, сол іргетастың нық қалануына өмірін арнаған жандардың еңбегі әрдайым зор құрметке лайық. Осындай ұлағатты жандардың бірі — мектепке дейінгі білім беру саласының ардагері, аяулы ана, кәсіби маман “Қарлығаш” бөбекжай-бақшасының әдіскері Надирбекова Роза Бартбекқызы.
1990 жылы Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданы, Сарыкемер (Михайловка) ауылындағы Қазақ ССР-інің 40 жылдығы атындағы орта мектепті “Күміс алқамен” аяқтаған жас түлек сол жылы Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1992 жылы “Үздік белгімен” аяқтаған. Жас маман еңбек жолын сол кездегі Буденовка ауылындағы №11 балабақшадан бастаған болатын. 34 жыл бойы осы мекемеде  еңбек етіп келе жатқан Роза Бартбекқызы саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған жан. Ол талай бүлдіршіннің жүрегіне мейірім мен ізгіліктің дәнін екті. Ұзақ жылдар бойы

Обновлено 05.06.2026 10:59
Толығырақ...
 
ІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ-КІТАП

Кітап – адамның рухани байлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтетін баға жетпес қазына. Бүгінде кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне мемлекет деңгейінде ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кітап оқу – білімді әрі зерделі ұлт қалыптастырудың маңызды жолы. Сондықтан жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – болашаққа жасалған маңызды қадам. Кітап оқу арқылы адам білімін жетілдіріп қана қоймай, тарихын танып, ойын дамытады.
Бос уақытымда кітап оқуды ұнатамын. Жақында жазушы Толымбек Әбдірайымның «Тағдыр сыйы» атты кітабын

Толығырақ...
 
НЕГЕ ҚАЛТА ЖҰҚАРЫП БАРАДЫ?

Қазір дүкенге күнделікті азық-түлік алуға кірсең, қолыңдағы ақшаңның қалай тез таусылғанын аңғармай қаласың. Кеше ғана жеткілікті көрінген сома бүгін бір-екі пакет азыққа әрең жетеді. Бағаның қымбаттауы – жай статистика емес, ол әр отбасының тұрмысында сезіліп отырған шындық.

Баға неге өсіп барады?
Ең алдымен, өнімнің өндірушіден тұтынушыға жеткенше бірнеше қолдан өтуі бағаны еселеп жібереді. Мысалы, ауылдағы шаруа өнімін арзан бағамен сатады. Бірақ ол бірден сөреге түспейді: оны тасымалдайды, сақтайды, қайта сатады. Әр кезеңде үстеме қосылады. Соңында қарапайым халық сол тауарды бастапқы құнынан бірнеше есе қымбатқа

Толығырақ...
 
ҚАУІПСІЗ ЖОЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күн сайын мыңдаған адам көлік жүргізушісі, жолаушы немесе жаяу жүргінші ретінде жол қозғалысына қатысады. Осындай қарбалас тіршілікте жол ережесін сақтау әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты шарты болып табылады. Жол-көлік оқиғалары бүгінде көптеген елдерде өзекті мәселелердің қатарында. Өкінішке орай, жол апаттары салдарынан адамдар жарақат алып, кейде қайғылы жағдайларға да ұшырап жатады. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі адам факторынан, яғни жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан туындайды. Жылдамдықты

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2
mod_vvisit_counterКеше2304
mod_vvisit_counterОсы аптада10764
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда47207
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4304465

Серіктестер