|
Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі өңірлік ең төменгі күн көріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі. Оның ішінде: • еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар; • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде
|
|
Толығырақ...
|
|
Қоғамның рухани дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығы адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуімен тығыз байланысты. Ислам діні адам баласын тек жеке басының қамын ойлауға емес, қоғам игілігі үшін де еңбек етуге үндейді. Сол ізгі амалдардың бірі-уақып жасау. Уақып-адамның Алла разылығы үшін өзіне тиесілі дүние-мүлкін халық игілігіне арнап, оның пайдасын қайырымдылық мақсатында жұмсауы. Бұл-садақаның ең сауапты әрі ұзақ мерзімді түрлерінің бірі. Ислам өркениетінің тарихына көз жүгіртсек, мешіт, медресе, құдық, көпір, аурухана, кітапхана және көптеген қоғамдық нысандардың уақып арқылы салынғанын көреміз. Уақып мәдениеті мұсылман қоғамының ғылымына, біліміне, әлеуметтік әл-ауқатына және рухани дамуына зор үлес қосқан. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақ халқы үшін отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүретін адамдардың жиынтығы емес, ұлттың болмысын, тәрбиесін, рухани мұрасын жалғастыратын қасиетті орта. Сан ғасыр бойы қалыптасқан қазақы тәрбие ұрпақтың бойына адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық пен елжандылық қасиеттерін сіңіруді басты мақсат еткен. Осындай тәрбиенің нәтижесінде халқымыз қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, өзінің салт-дәстүрін, тілін, дінін және ұлттық болмысын сақтап қалды. Бүгінгі қоғамда технологияның қарқынды дамуы, ақпараттың шексіз таралуы және өмір салтының өзгеруі отбасы тәрбиесіне жаңа талаптар қойып отыр. Осындай уақытта ұлттық тәрбиенің мәнін қайта жаңғыртып, оны Ислам дінінің құндылықтарымен ұштастыра білу – әрбір ата-ананың
|
|
Толығырақ...
|
|
Адам саудасы – қазіргі қоғамдағы ең ауыр қылмыстардың бірі. Бұл қылмыс адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзып қана қоймай, мемлекеттің қауіпсіздігіне, қоғамның тұрақтылығына және халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан адам саудасына қарсы күрес-тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Адам саудасының құрбандары көбінесе жалған жұмыс ұсыныстарына, жоғары жалақы туралы уәделерге немесе шетелде жақсы өмір сүру мүмкіндігіне алданып қалады. Қылмыскерлер адамдарды еңбекке мәжбүрлеу, жыныстық қанау, қайыр сұрату және басқа да заңсыз әрекеттерге
|
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық тарихи-өлкетану музейі 15 жылдан астам халыққа қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында мұражай қорына 4 мыңға жуық жәдігер жиналып, көрермен көзайымына айналып келеді. Аудандық тарихи-өлкетану музейі жуырда бірнеше құнды жәдігермен толықты. Нақтырақ айтсақ, Абай ауылының тұрғыны Нартай Оңғарбеков көненің көзі – қыш құмыра мен жебе ұшын музейге сыйға тартты. -Аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмысын бұрыннан білемін. Күн санап
|
|
Обновлено 28.07.2026 10:58 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 Келесі > Соңғы >>
|