Онлайн газет



ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақ әйелі-ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейірімін аяған емес. Алтын құрсақты ананың амандығы, баланың жарқын күлкісі-біздің басты байлығымыз.
Халықаралық әйелдер күні мерекесінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов көкталдық ақжаулықты ана Райкүл Рапишеваға облыс әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар, ардақты анаға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті.
Райкүл Рапишева 1945  жылы 1 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал

Обновлено 15.03.2024 10:20
Толығырақ...
 
2026 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 12 ЖАҢА СУҚОЙМА САЛЫНАДЫ

Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар ұлғайып келеді. Өткен жылы тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қолданылатын егістік көлемі 57,2 мың гектарға жетсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға дейін арттыру көзделуде.
Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен су шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңесте айтылды.
Басқосуда облыс әкімі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын шешу мақсатында 2026 жылға дейін кешенді жоспар бекітілгенін атап өтті. Биыл 72 ирригациялық жүйені

Обновлено 15.03.2024 10:35
Толығырақ...
 
ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Республикалық қоғамдық қабылдау ауданымызға қарасты  Қызыл жұлдыз және Байзақ ауылдарында өтті.
Шараға Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Алпамыс Әбенов, “Amanat” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермұхан Жұмабек, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков пен облыс әкімдігінің басқарма басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Қабылдау шарасы алдымен 6 мыңнан аса тұрғыны бар Қызыл жұлдыз ауылында өтті. Тараз қаласының жаңа бас жоспарына сәйкес

Обновлено 12.03.2024 17:38
Толығырақ...
 
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 17 депутатының 12-і, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессияда “2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайрат Тайлақбаев

Толығырақ...
 
ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

Ата дініміз ислам діні - адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейді.  Дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталары белгілі.
Жыл сайын аудан орталығы саналатын Сарыкемер ауылында халық саны артып келеді.  Осы мақсатта жомарт жүректі тұрғындар мен кәсіпкерлердің бастамасы әрі демеушілігімен қасиетті Рамазан айының қарсаңында  келбеті мен сәулеті жарасқан сыйымдылығы 500 адам болатын «АР-РАХМАН» мешіті ел игілігіне есігін айқара ашты.
Халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын Сарыкемер ауылының күн шығыс жағынан

Обновлено 12.03.2024 16:07
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 581 582 583 584 585 586 587 588 589 590 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1790
mod_vvisit_counterКеше3864
mod_vvisit_counterОсы аптада1790
mod_vvisit_counterӨткен аптада38084
mod_vvisit_counterОсы айда93144
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4350402

Серіктестер