|
Наурыз ықылым заманнан бері жыл басы ретінде қалыптасқан мейрам. Тіршілігі табиғатпен етене байланған бабаларымыздың кезінде Наурыз жылдың һәм жаңарудың бастауы саналған. Өйткені, қараңғылық қоюланатын түннің қысқарып, шуағын шашқан күннің ұзаратын сәтінің келуі тіршілік әлеміне тың серпін әкеледі. Ақ түйенің қарны жарылған Ұлыстың Ұлы күні қазақ елі үшін қашанда қасиетті әрі киелі саналған. Бұл күні халқымыз ұлттық нақыштағы әсем ою-өрнекпен кестеленген көркем киімдерін киіп, бір-біріне деген өкпе-ренішті ұмытып, арқа-жарқа болып амандасып, төс қағыстырып, жүрек жарды
|
|
Толығырақ...
|
|

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңаруы аясында Наурыз мерекесінің форматын өзгерту қажеттігін көтерген болатын. Осыған байланысты Наурызнама онкүндігінің әрбір күніне атау беріліп, сол тақырып аясында өткізілуде. Мәселен 14 наурыз күні «Көрісу күнін» атап өтсек, 15 наурыз күні - «Қайырымдылық күні» жоғары деңгейде атап өтілді. Осы күні аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Amanat» партиясы аудандық филиалының кітапханасында үлкен іс-шара өткізілді. Оған ауданымыздағы әрбір ауылдан мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, апалары шақырылып, дастархан басында бас қосты. - Мен алдымен Сіздерді алдағы келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл мерекенің қадірін арттырып, бүгінгі жастарға
|
|
Обновлено 20.03.2024 11:15 |
|
Толығырақ...
|
|
Биылдан бастап мұсылман қауымының жыл басы болып есептелетін Наурыз мерекесін елімізде жаңа тұжырымдама бойынша тойлау қолға алынып, Наурызнаманың онкүндігінің әрқайсысына айрықша атау берілгені белгілі. Демек, әз Наурыз мерекесі 14-наурыздағы “Көрісу күнінен” бастау алса, 23-наурызда «Тазару күнімен» қорытындыланатын болады. Ал кеше «Ұлттық киім күні» атап өтілсе, бүгін еліміз бойынша «Жаңару күні» кең көлемде атап өтілмек. Бұл күн тазалық жағдайына арналады. Шындығындада күн мен түннің теңеліп, жаңару мен жаңғырудын, береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі соңғы жылдары жаңаша
|
|
Толығырақ...
|
|
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасына жолдама беретін халықаралық лицензиялық іріктеу турнирінде бокстан ұлттық құраманың капитаны, жерлесіміз Асланбек Шымбергенов барлық қарсыластарын ұтып, 71 келіге дейінгілер арасында ең мықты боксшы екенін дәлелдеді. Ол шешуші ширек финалда әзербайжандық 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сархан Әлиевті 5:0 есебімен ұтып, жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдаманы ұтып алды. Сөйтіп ол Азия ойындарында төрешілер кінәсінен ала алмаған лицензияға өзінің әлемдегі
|
|
Толығырақ...
|
|
Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде қыз-келіншектердің еңбегі ерен. Әсіресе, Кеңес Одағы тарап, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, болашағын айқындауда еліміз біраз қиындықпен бетпе-бет келгені шындық. Жұмыс орындары жабылып, азық-түлік бағасы бақылауға бағынбай тұрған тұста отбасыларды сақтап қалған да аналар болатын. Ендеше, отбасы мен мемлекеттің тірегіне айналған әйелдердің кез келген қызметке араласуына ешқандай тыйым, шектеу болмауы керек. Бұл демократиялық, зайырлы мемлекеттің
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 581 582 583 584 585 586 587 588 589 590 Келесі > Соңғы >>
|