|
Қазіргі таңда қоғамда «Қалай бай болуға болады?» деген сұрақ көпшілікті қызықтырады. Әсіресе жастар арасында қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу, өз кәсібін ашу және табысты өмір сүру туралы ойлар жиі айтылады. Кейбір адамдар байлықты тек үлкен мұрамен немесе сәттілікпен байланыстырады. Алайда тарихқа көз жүгіртсек, көптеген табысты кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері өз жетістіктеріне табандылықтың, білімнің және үздіксіз еңбектің арқасында жеткенін көреміз. Байлық-тек ақша жинау емес. Нағыз байлық адамның өмір сүру сапасын арттырып, армандарына жетуге мүмкіндік береді. Қаржылық тұрақтылық адамның өзіне деген сенімін күшейтіп, отбасының әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі. Сондықтан байлыққа жету жолдарын білу бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі
|
|
Толығырақ...
|
|
Бүгінде ойын-сауық орталықтары балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін сүйікті орындардың біріне айналды. Әсіресе батут алаңдары кішкентай бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырады. Балалар секіріп, жүгіріп, достарымен ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ортада уақыт өткізеді. Көптеген ата-аналар демалыс күндері балаларын ойын-сауық орталықтарына апарып, олардың қуанышын көруге асығады. Шынында да, батутта ойнау балалардың физикалық белсенділігін арттырып, қимыл-қозғалысын дамытуға, тепе-теңдікті сақтауға және денсаулығын нығайтуға оң әсер етеді. Сонымен қатар мұндай ойын алаңдары балалардың өзара қарым-қатынас жасауына, жаңа достар табуына және әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектеседі. Алайда ойын-сауық орталықтарының
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығының алтын қазығы – салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы. Әсіресе отбасы ішінде ұстанатын дәстүрлер – ұлттық тәрбиенің, рухани тұтастықтың, ұрпақтар сабақтастығының негізі. Отбасы – шағын мемлекет, ал оның ішіндегі дәстүр – сол мемлекеттің Конституциясы іспетті. Бүгінде жаһандану дәуірінде өзге мәдениеттер мен көзқарастар ағынына төтеп беріп, қазақи қалпымызды сақтап қалудың басты жолы – отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, ұрпаққа аманат ету. Қазақта «Тәрбие-тал бесіктен» деген ұлағатты сөз бар. Бұл тек баланы кішкентайынан тәрбиелеуді ғана емес, сондай-ақ сол тәрбиенің дәстүр арқылы берілетінін меңзейді. Отбасында сәбидің дүниеге келуімен басталатын ұлттық ғұрыптар- шілдехана, қырқынан шығару, тұсау кесу, ат қою, бесікке салу, сияқты дәстүрлер баланың тек денсаулығы мен
|
|
Толығырақ...
|
|
Соңғы кездері мектеп бітіру кештері, соңғы қоңырау салтанаттары мен түрлі мерекелік шаралар қызу талқыға түсіп жүр. Әсіресе ата-аналардың қалтасына түсетін салмақ көпшілікті ойландырады. Бір күндік қуаныш үшін қомақты қаржы жұмсау қаншалықты дұрыс? Бұл барлық отбасының жағдайына сай келе ме? Әрине, мектеп бітіру – әр баланың өміріндегі ерекше кезең. Жылдар бойы бірге оқыған сыныптастарымен қоштасып, ұстаздарына алғыс айтып, есте қаларлық сәттерді өткізгісі келеді. Мұндай қуанышқа ешкім қарсы емес. Бірақ соңғы уақытта кейбір шаралардың
|
|
Толығырақ...
|
|
Қай қоғамда болмасын бала тәрбиесі ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі елдің азаматы, қоғамның қозғаушы күші. Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттер, мінез-құлық, өмірге деген көзқарас ең алдымен отбасында қалыптасады. Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі болса, сол бесіктің берік болуы ата-ананың тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінде ананың орны ерекше болғанымен, әкенің де рөлі ешқашан екінші орында қалмауы тиіс. Әке – отбасының тірегі, тәртіптің сақтаушысы, балаға өмірлік бағыт-бағдар беретін тұлға. Қазақ халқы ежелден әкені отбасының басшысы деп таныған. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында баланың ата-анасының іс-әрекетін көріп, соған еліктеп өсетіні жатыр. Әсіресе әкенің мінезі, еңбекке деген көзқарасы, адамдармен қарым-қатынасы
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 Келесі > Соңғы >>
|