Онлайн газет



ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауданымызда қыруар тірліктер атқарылуда. Соның бірі-аудан аумағындағы елдімекендерде тазалықты бірқалыпты  ұстап тұру мақсатында апта сайын ауылдық округтерде  сенбіліктер ұйымдастырылатын болады.
Өткен аптаның сенбісінде  Бурыл ауылында санитарлық тазалықты сақтау және елдімекеннің көркеюіне үлес қосу мақсатында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында

Толығырақ...
 
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXV-сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Көшербаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және босаған орындарға

Толығырақ...
 
ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – БАЙЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Медицина қызметкері күніне орай Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы кәсіби байқаудың қорытындысы бойынша Байзақ аудандық орталық емханасының әлеуметтік қызметкері Үйкекбай Арайлым Ғалымжанқызы «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» номинациясының иегері атанды.
Марапатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстап, сала мамандарының

Обновлено 23.06.2026 10:49
Толығырақ...
 
ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Елімізде 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген “Медицина қызметкерлері күні” мерекесі жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Осыған орай өткен аптаның жұмасы күні аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы  мәдениет үйінде «Медицина қызметкерлері-адамзаттың асылы» атты салтанатты жиын өтті.
Айтулы іс-шараның шымылдығы жезтаңдай әнші Динара Диханбаеваның орындауындағы «Өмір тамаша» әнімен түрілді.
Салтанатты жиынның  ашылуында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев сөз сөйлеп,  адам денсаулығын сақтау жолында еңбек сіңіріп жүрген дәрігерлердің ерен еңбегі мен қоғамдағы жоғары рөліне тоқталды. Елімізде медицина саласына  айрықша көңіл бөлініп, дәрігер мәртебесін көтеру бағытында

Обновлено 23.06.2026 10:48
Толығырақ...
 
АДАЛДЫҚТАН АТТАМАҒАН АЗАМАТ

Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен ұлттық руханиятын жаңғырту ісіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан жастардың бірі - Байзақ аудандық сотының судьясы Аңсабек Назарқұлов. Ол өзінің ширек ғасырға жуық уақытын заң үстемдігін орнықтыруға, сот жүйесінің беделін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап келе жатқан азаматтардың бірі.
Аңсабек Сатыбалдыұлы 2003 жылы қазақ гуманитарлық - заң университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігін алған.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Тараз қаласы №2 сотының маман-шабарманы лауазымынан бастап, жетекші маман - сот приставы, жетекші маман

Обновлено 23.06.2026 10:46
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2215
mod_vvisit_counterКеше2159
mod_vvisit_counterОсы аптада10673
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда47116
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4304374

Серіктестер