|

Спорт күні мерекесі қарсаңында, Мырзатай ауылдық округіне қарасты Сеңкібай ауылында шағын футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Футбол алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов қатысып, сеңкібайлық тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Жалпы, жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған алаңша өз кезегінде жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек. Мырзатай ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Әлімбаевта мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан
|
|
Обновлено 16.08.2024 11:11 |
|
Толығырақ...
|
|
Өмірден кеткенімен, өрелі де өнегелі ісі арқасында ұрпағының жадында сақталып қалған аяулы азаматтар қаншама десеңізші? Олардың қай-қайсысы туралы әңгіме қозғасаң да әрі-сәрі күй кешіп, көңілің толқиды. Әсіресе, сын сағаттарда Отаны үшін отқа түскен, ал бейбіт өмірде еліне еңбегін сіңірген қарапайым адамдар жөнінде жылы лебізің қалады. Мұндай азаматтардың кешегі және бүгінгі қоғамымызда көп болғаны, шын мәнінде пешенемізге бұйырған бақ. Бүгін біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз сондай жандардың бірі-Ұлы Отан соғысының ардагері, ғұмырының басым бөлігін ұрпақ тәрбиесіне арнаған Бегәділ Абдуалиев. Ол 1924 жылдың 24 наурызында дүниеге келіп, Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ново-Ивановка ауылы (қазіргі Жетібай) Жамбыл орталау мектебін үздік бітірген.1942 жылдың 29 тамызында соғысқа аттанған. Артилерия жауынгерлерінің командирі болып Белоруссия, Смоленск, Польша қалаларын азат етуге қатысқан. Сұрапыл шайқастарда ерлік көрсеткен. Соғыстан аман-есен еліне оралған Бегәділ ағамыз 1994 жылы
|
|
Обновлено 16.08.2024 11:06 |
|
Толығырақ...
|
|

Халықаралық Жастар күніне орай ауданымызда “Парасат жолы - адалдық жолы” тақырыбында жастар арасындағы облыстық брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті. Аталған шараға әр ауданнан жиналған жалпы саны 11 команда қатысты. Интеллектуалды ойынның мақсаты-жастардың білімге құштарлығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін сондай-ақ, қоғамда адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын
|
|
Обновлено 16.08.2024 11:06 |
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №1-21-6/4660-И хатына сәйкес жекелеген санаттағы отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтуде. Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының
|
|
Толығырақ...
|
|
Халықаралық жастар күніне орай, аудан орталығындағы Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябағында жастарға арналған “Арбуз FEST” байқауы өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина арнайы қатысып, жастарымызды айтулы мерекесімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың ережесіне сай, ұлдар қарбызды белгілі бір уақыт аралығында жеп жарысса, қыздарымыз қарбыздан түрлі бұйымдар жасады. Шара барысы тартысты әрі
|
|
Обновлено 16.08.2024 11:02 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 481 482 483 484 485 486 487 488 489 490 Келесі > Соңғы >>
|