Онлайн газет



СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА МҮМКІНДІК МОЛАЙДЫ

Түймекент ауылында бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, ауыл жастарына арналған жаңа кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт нысанының бой көтеруіне «Арай» Групп компаниясы демеушілік жасап, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға өз үлесін қосты.
Жаңа алаңның ашылуы ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Салтанатты шараға аудан әкімі Олжас Баққараев, ауыл ақсақалдары, жастар және тұрғындар қатысты.
Жиында сөз алған аудан әкімі Олжас Елебекұлы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмаларына тоқталып, ауылдарда спорттық және балалар ойын алаңдарын көбейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын

Обновлено 04.09.2026 12:43
Толығырақ...
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – АЙБЫНЫМ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тұтастығын айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Ана тіліміз – ата-бабамыздан аманат болып жеткен асыл мұра, елдігіміздің айғағы. Ал мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сондықтан оны құрметтеу, қолдану және дамыту – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылуы, оның ішінде сот жүйесінде орнығуы – құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі деп

Толығырақ...
 
ОТБАСЫ – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Бала үшін отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің, тәрбие мен өнегенің бастауы. Ұлттың болашағы да отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан «Отбасы – патриоттық тәрбие мектебі» деген ұғымның маңызы зор.
Патриоттық тәрбие баланың туған жеріне, еліне, жеріне, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне деген құрметінен қалыптасады. Бұл қасиеттер баланың бойына ең алдымен отбасында сіңеді. Ата-ананың туған елге деген сүйіспеншілігі, үлкенге құрметі, кішіге ізеті, еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігі – балаға көрсетілген ең үлкен тәрбие.
«Отан отбасынан басталады» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Өз отбасын қадірлеген бала

Толығырақ...
 
СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!

Аудан орталығындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында дәстүрлі “Алғашқы қоңырау” мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Мектептің ауласы әсем безендіріліп, гүл шоқтарын ұстап ақ көйлек киген бүлдіршіндердің жүздері  жарқын, қуанышқа толы болды.
Биылғы салтанатты мереке «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары - экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында өтті. Бұл – жаңа оқу жылының басты бағдары “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасымен үндесіп жатыр.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп директоры Әсел Қуатова ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. “Білім мен еңбектің арқасында ғана жарқын болашаққа жетеміз. Ал ол болашақ таза, әдемі ортадан

Обновлено 04.09.2026 11:31
Толығырақ...
 
СӘЛЕМІ ТҮЗУДІҢ ӘДЕБІ ТҮЗУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  азаматтардың жүріс-тұрысының жаңа мәдениеті мен қоғамдық этиканы қалыптастыру, сонымен қатар дәстүрлі амандасу әдебін сақтау туралы бастамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Мемлекет басшысы ер адамдардың және ерлермен әйелдердің шектен тыс құшақтасып, беттен сүйісіп амандасуын ұлттық мәдениетке жат қылық ретінде сынап, халықты байыпты әрі ұстамды ұлттық әдепке оралуға шақырды.
Қоғамның дамуы тек экономикалық өсіммен немесе заңдардың қабылдануымен ғана  өлшенбейді. Кез-келген өркениетті елдің іргетасы- оның ішкі мәдениеті, азаматтардың  күнделікті

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін447
mod_vvisit_counterКеше2587
mod_vvisit_counterОсы аптада3034
mod_vvisit_counterӨткен аптада21378
mod_vvisit_counterОсы айда5808
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4480878

Серіктестер