|
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен рухани дүниетанымы Ислам дінімен тығыз сабақтасып жатыр. Дала өркениетінде өмір сүрген ата-бабаларымыз ислам құндылықтарын ұлттық болмысымен үйлестіре отырып, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық қатынасқа, отбасы институтына және адамгершілік қағидаларына негіз етті. Сондықтан қазақ қоғамындағы мұсылманның келбеті тек діни біліммен немесе сыртқы сипатпен ғана өлшенбейді. Нағыз мұсылманның болмысы – иманымен, көркем мінезімен, адалдығымен, үлкенге құрметі және кішіге ізетімен, елге қызметімен айқындалады. Қазақ дәстүріндегі мұсылман бейнесі – дін мен дәстүрдің өзара үйлесімінен қалыптасқан рухани тұлға. Оның бойынан Исламның адамгершілік құндылықтары мен халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесі қатар көрініс табады. Ата-бабаларымыз «Иманды елдің ұрпағы ізетті келеді», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Адалдық – ардың ісі» деген ұстанымдарды
|
|
Толығырақ...
|
|

Әділет партиясының Байзақ аудандық филиалының жоспарына сәйкес, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқы – ойлау қабілетіңді өзгерт» атты кітап оқу марафонының ашылу іс-шарасы өтті. Алты айға жоспарланған бұл марафонның басты мақсаты – кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру, оқырманның ой-өрісін кеңейту, сыни ойлау қабілетін дамыту және рухани құндылықтарға деген
|
|
Обновлено 14.09.2026 12:37 |
|
Толығырақ...
|
|
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді жарыстағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олардың Қазақстанның ұлттық спорттағы абыройын әлемге танытқанын атап өтті. «Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы
|
|
Обновлено 14.09.2026 12:38 |
|
Толығырақ...
|
|
Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Көкбастау ауылынан шыққан спортшы қыз Ардақ Нұрсақ қазақ күресінен әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдеге ие болды. Ардақ бүгінде Тараз мемлекеттік университетінің 4 курс студенті. Ағымдағы жылдың 22–23 тамыз күндері Әзербайжан астанасы Баку қаласында қазақ күресінен XII әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің бірқатар елдерінен келген үздік балуандар қатысып, ұлттық спорттағы шеберліктерін сынға салды. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Көкбастау ауылының тумасы Ардақ Нұрсақ 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, қарсыластарынан басым түсіп, күміс жүлдені иеленді. Жерлесінің жеңісін естіген Көкбастау ауылының тұрғындары
|
|
Обновлено 11.09.2026 11:17 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен сәрсенбіде аудандық әкімшілікте аудан әкімі Олжас Баққаревтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына және тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралып, жауапты сала басшыларының есептері тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Байзақ су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, аудандық мансаптық орталық филиалының
|
|
Обновлено 11.09.2026 11:19 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңғы >>
|