|
Көктемнің алғашқы күндері келетін 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнінің маңызы өте жоғары. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға бұл күні қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды. Аталған мерекені дүние жүзі халықтары мерекелеп, әжелер мен аналар, қыз-келіншектердің құшағын гүлге толтырады, басқада сыйлықтар ұсынып жатады. Ал дәл осы күні дүние есігін ашқан нәзік жандар үшін бұл мерекенің маңызы екі еселеніп жататыны да шындық. Сондай жандардың бірі – Сарыкемер ауылында тұратын Айнаш Бекбаева. Айнаш Шолпанбекқызы аудан іргесіндегі Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауылында ауылдастары мерекелеп жатқан 1973 жылдың 8-наурызы күні
|
|
Толығырақ...
|
|

Өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудан халқымен кездесті. Кездесуді ашқан облыс басшысы Ербол Шырақпайұлы облысымызда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы орындалатын жұмыстарды қысқаша айтып берді. -Биылғы жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз Қ.Тоқаев ел дамуының мүмкіндіктерін айқындап берді. Онда барлық сала қамтылды. Ендігі біздің басты мақсатымыз-азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Бұл бағытта облысқа инвестиция тартып, ауыл шаруашылығы саласында мол өнімге қол жеткізуге жұмыс атқару. Шуда жүгері өңдейтін зауыт салуды қолға алғалы отырмыз. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде өзекті мәселелердің бірі. Облыста былтыр 2023 жылмен салыстырғанда
|
|
Обновлено 04.03.2025 12:15 |
|
Толығырақ...
|
|

Өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Олжас Баққараев «Amanat» партиясы аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Бұл жолы қабылдауға 13 азамат келді. Бірінші болып келген Жетібай ауылының тұрғыны Гулия Бекеева патронаттық тәрбиеде 6 баланы өсіріп отырғандығын, өткен жылы үш, биыл 3 балаға Сарыкемер ауылындағы көпқабатты үйден пәтер берілгендігін, алайда кейінгілері төменгі сыныпта оқитын болғандықтан пәтерлерді жалға берсем деген өтінішін жеткізді. Заң талаптарына сәйкес пәтерлерді жалға беруге болмайтындығы түсіндірілді. Жақаш ауылының тұрғыны Күмісбек Қабылов «Ауыл аманаты» жобасы аясында
|
|
Обновлено 04.03.2025 12:07 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен аптаның сенбісінде Бурыл ауылдық клубында Алғыс айту күніне орай «Алғыс, алғыс адамзаттың бәріне!» тақырыбында іс-шара өтті. Алдымен клуб алдында этномәдени бірлестіктердің өкілдері ұлттық қолөнер бұйымдары және көрнекі жәдігерлерімен таныстырып, әндерін шырқап, қазақ халқына алғыстарын айтып жатты. Мұнан кейін жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов көктем мезгілінің алғашқы күніндегі айтулы мерекемен құттықтап, тарихты танып, құндылықтарды қастерлеп, бірлікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Жаһандану жағдайында бірегей болмысымызды, құндылықтарымызды және тарихымызды сақтау, ел бірлігі мен татулығын
|
|
Обновлено 04.03.2025 12:06 |
|
Толығырақ...
|
|
Қоғам дамыған қазірдің өзінде де әлемде адам саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Бұрынғы заманда адамдарды жұмыс істету үшін құлдықта ұстаса, қазір адам саудасының жандануына себепші болатын себептер жетіп артылады. Сондықтан адам саудасының бізге қатысы болмайды деп бейқам отырудың жөні жоқ. Құқық қорғау органдарының келтірген мәліметінше, соңғы үш-төрт жылда мыңдаған азаматтарымыз адам саудасының құрбаны болған. Сондай-ақ, адам саудасы
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 Келесі > Соңғы >>
|