|
Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты балалар киносының аудандық кинофестивалі өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараның мақсаты-үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру болатын. 10 номинация бойынша видеоларды аудандық білім бөлімінің әдіскері Зәуреш Сатылғанова қарап, өзінің әділ бағасын
|
|
Толығырақ...
|
|

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудан әкімі Олжас Баққараев қысқаша сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Онда «Көктемгі әскерге шақыру науқаны туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, подполковник Есжан Абдиманапов баяндады. Оның айтуынша 2024 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына қатысты облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент тарапынан
|
|
Обновлено 14.03.2025 11:23 |
|
Толығырақ...
|
|

Шұғылалы көктемнің ең шуақты, мейірім мен жанашырлықты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Әйелдер әулеттің ұйытқысы, ырыс-ынтымақтың шамшырағы. Сондықтанда бұл мерекені асыға күтетіндер көп. Өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде аудан әкімдігінде мерекеге орай аудан әкімі Олжас Баққараев ауданымыздағы әрбір ауылдық округтердің бірнеше аналарын қабылдады. - Біз бүгінгі қабылдауға әр округтен бір-бір анадан шақырып отырмыз. Осында келу сіздерге бұйырған екен. Ал мұндай құрметке лайық аналар ауылдарда көптеп саналады. Аналарымыз сонау ерте заманнан бері ошағының отын өшірмей, елдік мақсаттағы шаруаларға шашауын шығармай араласып келеді. Егемен елімізде де нәзік жандылар
|
|
Обновлено 14.03.2025 11:20 |
|
Толығырақ...
|
|
14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Биыл мәні терең Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді. «Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді. Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде
|
|
Толығырақ...
|
|
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Гимн – біздің тұтастығымыз бен дербестігімізді айшықтайтын нышандар. Еліміздің рәміздері халқымыздың құндылықтарын, оның көп ғасырлық тарихы мен бай дәстүрлерін бойына сіңірген. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бері елімізде 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні ретінде кеңінен аталып өтіледі. Кез келген елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары болады. Ол-елдің шекарасы, Астанасы және Мемлекеттік рәміздері. Өйткені, рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Ұлтымыздың рухани құндылықтарын қадірлеу-мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен, оны мәртебе тұтудан
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 Келесі > Соңғы >>
|