Онлайн газет



БАЙЗАҚТЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТЫ ЕДІ

... Тәуелсіздікке жеткен, елді мекендер мен көше аттарын қайта қарап, ежелгі, тарихи атауларын қалпына келтіру мәселесі қаузала бастаған кез. Аудан орталығында өткен жиында Сарыкемер атауы орыстың «Царь комаров» деген сөзінен шыққан деуші табылды. Бұл тіпті, шындыққа еш жанаспайтын болжам болатын. Талас өзенінің осынау мүйісі сарыкемерленіп, күнге шағылысып тұратындықтан атам заманнан осылай аталып келе жатқан-ды. Ал, орыс шаруаларының алғашқы көші бұл маңға 1875 жылы жетсе керек. Орыс көпесі Михайлов дегеннің атымен Михайловка селосы атануы сол жылдары.
Жалған тұжырымын тықпалап, тарихты өзінше түсіндірмек болғанға тойтарыс берген үн зал толы жұрттың арасынан емес, жиналыс төралқасында отырғандар ішінен естілді:
- Әй, тыңда! Жерді тереңірек қазып көрші, мұжықтың соқасының сынығы емес, қазақтың қылыш-найзасының ұшы шығады!
Жиналысқа қатысып отырғандар тегіс гуілдеп, қуаттап әкеткен тапқыр сөзді

Обновлено 12.05.2025 11:12
Толығырақ...
 
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында  аудандық соттың  төрағасы Досжан Төленбеков Сарыкемер ауылының тұрғыны, тыл ардагері Ибраш Туребаевтың отбасына барып, айтулы мерекемен құттықтап, сый-сияпатын табыстады.
“...Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл-ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз. Біз сол сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық пен батылдық көрсеткен отандастарымызды әрдайым орасан зор құрметпен есте сақтаймыз”,- деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXIV сессиясында сөйлеген сөзін алға тарта отырып, Досжан Қанатбекұлы Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегендігін, сұрапыл соғыста аталарымыз бен әкпелеріміздің ерліктің өшпес үлгісін көрсеткендігіне

Обновлено 12.05.2025 10:56
Толығырақ...
 
ОН СЕГІЗІНДЕ ОТ КЕШКЕН

Анықтама үшін: Адамзат тарихын таусылмас соғыстардың тізбегі десе де болады. Солардың ең ауқымдысы, қамтылған елдер мен құрбандықтары, орны толмас зардаптары жағынан ең үлкен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Өмір мен өлім белдескен сын сағаттарда 1 млн. 200 мыңдай қазақстандықтар жанқиярлық ерлік пен батырлықтың ерен үлгісін көрсетсе,  500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Жамбыл облысынан 100 мыңға жуық азамат соғысқа аттанса, соның 30 мыңнан астамына туған жердің топырағы бұйырмай, Отан үшін шейіт болды. Солардың ішінде 20 жамбылдық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры, жауынгерлік “Даңқ” орденінің толық иегері атанды.
Ал Түймекент ауылдық округінен Ұлы Отан соғысына 500-ге жуық адам қатысқан екен. Соның 270-тен астамы соғыста қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер. 200-ден астам жауынгер елге оралып, бейбіт өмірде

Обновлено 12.05.2025 10:51
Толығырақ...
 
АТАММЕН МАҚТАНАМЫН

1945 жылдың 9-мамыры адамзат зердесінде және замана тарихында бейбітшіліктің бірінші күні ретінде мәңгілік қалды. 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, Еуропаның барлық елдері үшін жаңа, бейбіт заманның жылнамасы басталды.
Біздің халқымыз Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпақ емес.Ер-елдің қорғаны. Екінші дүниежүзілік соғыстың қиянкескі ұрыстарында миллиондаған қазақстандық қаза тапты. Туған жерінің бостандығы мен тыныштығы үшін жауына оқ болып атылған батыр ағаларымыз бен әкпелеріміздің ерліктері, тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты алдында

Обновлено 12.05.2025 10:49
Толығырақ...
 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - АСЫРАУШЫ САЛА

Қасиетті Бурабай жерінде биылғы жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бастамаларға сәйкес өткен аптада Көптерек ауылдық округі аумағындағы Дәулет Қонқашев басқаратын «QazMeatExport» шаруа қожалығы алқабында Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығы саласын дамыту» тақырыбында эксперттік ғылыми, көшпелі дала семинары өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ғылыми зерттеу, лизингтік компания, өңірдегі сала өкілдері, кәсіпкерлер мен депутаттар қатысты.
Семинар басталар алдында қонақтар Дәулет Қонқашов басқаратын «QazMeatExport» шаруа қожалығының жаздық арпа, күздік бидай, көкөніс және жылдық шөп алқаптарымен танысты. Ауыл шаруашылығы техникалары, су үнемдеу техникалары, тыңайтқыш, тұқым және қайта өңдеу өнімдері

Обновлено 06.05.2025 13:06
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1630
mod_vvisit_counterКеше4849
mod_vvisit_counterОсы аптада26217
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда85391
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4342649

Серіктестер