Онлайн газет



ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТЕҢДІГІ

Гендерлік саясат-қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.
Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын

Толығырақ...
 
ҚАЙСАРЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Өткен сейсенбі күні аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай алдымен «Ұлы соғыс, Ұлы ерлік, Ұлы Жеңіс» тақырыбында аудандық конференция, содан соң Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі Олжас Баққараев бастаған аудан басшылары мен мекеме қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен әскери қызметкерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері мен ұстаздар қатысты.
-Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып

Обновлено 12.05.2025 11:28
Толығырақ...
 
ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, аудан әкімі Олжас Баққараев Сарыкемер ауылдық округінің тұрғындары, жалғызілікті, тыл еңбеккерлері Екатерина Степанова мен Зоя Кравченконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысымен сала орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сәуле Тлеуқұлова бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.
Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлерінің

Обновлено 12.05.2025 11:21
Толығырақ...
 
ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ МАЙДАНГЕР

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Жеңіс туының Рейхстаг төбесінде желбірегеніне 80 жыл толып отыр. Сол сәттен бастап біз үшін бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар өткеннің ауыртпалығын еске алатын, болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік беретін маңызды күн. Солай болғанымен 1418 күнге созылған сұм соғыстың салдарынан қаншама бала жетім, қаншама ана жесір қалды.
Майданға азаматын аттандырмаған үй қалған жоқ деуге болады. Кейбір үйлерден екі-үш азамат ағалы-інілі, әкелі-балалы болып шақырылып, көптеген үйлер иесізде қалып жатты.
Фашизммен күреске Жамбыл облысынан 100 мыңға жуық азамат қатысып, майдан даласында от пен оқтың ортасында жүріп қайсарлық көрсетіп, ерлік танытты. Ал олардың өмірі мен күресі үлгі болып, бүгінгі жас ұрпақ соларға қарап бой түзеуде.
Міне осындай жан алысып, жан беріскен сұрапыл соғысқа қатысқандардың қатарында әкелі-балалы Сыздықбай Алибеков пен Ұзақбай Сыздықбаевта болған еді.
Ұ.Сыздықбаев 1925 жылы 22 қыркүйекте

Обновлено 12.05.2025 11:19
Толығырақ...
 
ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ АҚТАҢГЕРІ

Еліміз егемендігін алғалы өшкенімізді жағып, өлгенімізді тірілтіп, кешегі өткен хандар мен билер, батырлар мен шешендер, жыршылар мен жырауларды халыққа танытып, жарыққа шығарып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі де бірегейі – ауданымыздағы Темірбек ауылдық округіне қарасты Сарыбарақ ауылының тумасы Қойшығұл Зарлы.
Қазақ радиосындағы «Інжу маржан», «Терме» бағдарламаларын жүргізудің шебері Қойшығұл Мұстафаұлын радио тыңдармандары дауысынан жазбай таниды. Радиожурналистика саласындағы ұзақ жылдардағы табанды еңбек оны бүгінгідей абыройлы биіктерге жетелеп келеді. Туған халқына адал  еңбек етудің үздік үлгісін таныта білген Қойшығұл Зарлыны жерлестері мақтаныш тұтады. Cан қырлы салиқалы азаматтың алыстан естіліп жатқан ізденіс жолындағы табыстары мен жеткен жетістіктерін туған ауыл тұрғындарының бетпе-бет сұхбаттасып

Обновлено 12.05.2025 11:12
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1630
mod_vvisit_counterКеше4849
mod_vvisit_counterОсы аптада26217
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда85391
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4342649

Серіктестер