|

Таяуда Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық пен Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаған сазгер Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығына арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Айтулы шараға ауданның жалпы орта мектептерінің музыка пәні мұғалімдері мен облыстың қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты. «Евгений Брусиловский – қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы» атты конференцияның негізгі мақсаты – ұлы композитордың шығармашылық мұрасын насихаттау, музыка педагогтарының тәжірибесін бөлісу және қазақ музыка мәдениетінің тарихи маңызын кеңінен
|
|
Обновлено 16.05.2025 11:32 |
|
Толығырақ...
|
|

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек тарихи дата ғана емес, ұрпақтар, ерлік пен бірліктің символы. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл өткенге тағзым етіп, болашақ үшін бейбітшілікті сақтау қажеттігін түсінетін маңызды дата. Ардагерлердің ерлігі, тарихтың сабағы және ұлттық бірлік – осы мерекенің басты мәні болып қала береді. Аудан орталығындағы Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» облыстық жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұмытылмас ерлік» атты
|
|
Обновлено 16.05.2025 11:27 |
|
Толығырақ...
|
|
Нашақорлық – бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Есірткіге тәуелділік адам денсаулығына орасан зиян келтіріп қана қоймай, оның отбасын, болашағын, тіпті өмірін де құртады. Сондықтан біз – салауатты өмір салтын қолдайтын, жарқын болашаққа сенетін жастар, нашақорлыққа түбегейлі қарсымыз. Есірткінің әсерінен адамның сана-сезімі тұмандануға түсіп, оның рухани, әлеуметтік, психологиялық және физикалық денсаулығы бұзылады. Уақыт өте келе мұндай адам қоғамнан оқшауланып, өз ортасынан алыстай бастайды. Оның ой-санасы, өмірге деген қызығушылығы жойылады, білім алуға, еңбек етуге, отбасын құруға деген қабілеті
|
|
Толығырақ...
|
|

9 мамыр-Жеңіс күні Сарыкемер ауылындағы “Батырлар” аллеясында «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты акция аясында «Қайғылы ана» монументінің алдында еске алу жиыны өтті. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров сөз алып, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуына қазақтың қайсар ұлдары өлшеусіз үлес қосқанын, ерлікпен қаза тапқан батырлар мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің арқасында жас ұрпақ алаңсыз өмір сүріп жатқандығын айтты. Жеңіс күні – ерекше қастерлі күн. Жеңіс туы желбірегелі 80 жыл өтсе де майдан даласынан қайтпай қалған боздақтардың, ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен батырларымыздың, елге оралған соң еңбек майданында шыңдалған ардагерлердің, тылда Жеңіс үшін уақытпен санаспай еңбектенген аға буынның қажырлы еңбектері
|
|
Обновлено 13.05.2025 11:13 |
|
Толығырақ...
|
|

Кеше аудан орталығындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Аналар және Халықаралық мейірбикелер күндеріне байланысты жиын өтті. Жиын аудандық мәдениет үйі әншілерінің аналарға арнаған Дулат Жасұзақов пен Мейірім Хамзинаның орындауындағы “Анамның жаққан ошағы” әнімен ашылды. Сондай-ақ кеш барысында Жанат Сәлімбаева мен Темірлан Қапышовтың орындауында “Анаға сый” әні жоғары дәрежеде орындалып, оған қол соғып, қошемет көрсетушілер көп болды. Жиында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бақтияр Мейірбеков жиынға қатысушыларды алдымен Аналар күнімен, содан соң Мейірбикелер күнімен
|
|
Обновлено 13.05.2025 11:11 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 Келесі > Соңғы >>
|