|

Өткен аптаның сенбісі күні еліміздің барлық мектептеріндегідей аудан орталығындағы №7 орта мектебінде де «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиын өткен мектеп ауласы әсем безендіріліп, ертемен мұнда кеуделерін қуаныш кернеген мектеп бітіруші түлектер мен шоқ-шоқ гүл ұстаған ата-аналар, қонақтар жиналды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда алғашқы болып соғылған мектептегі «Сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты кешіне жиналғандардың қарасы көп болды. Биылғы оқу жылын мектептегі даярлық сыныбын қоса есептегенде 731 оқушы аяқтаса, олардың 91-і үздік атанып отыр. Ал аталған мектептің тұңғыш түлектері 14 болса, олардың ішіндегі Ғайни Қайрат мектепті үздік, 12 оқушы екпінді аяқтады. Ал 9-сыныпты аяқтаған 51 оқушының
|
|
Обновлено 27.05.2025 12:15 |
|
Толығырақ...
|
|

Ұстаз - ұлағатты ұғым. Бүкіл ғұмырын білім беру саласына арнап, әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыратын ұстаз бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде 2005 жылғы түлектердің бастамасымен «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды. Ондағы орындықтар, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалып, айналасы қылқан жапырақты ағаштармен көмкерілген. Арка жасалып, орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылған. Ағымдағы жылдың наурыз айынан құрылысы басталған аллея пайдалануға берілді. Бұл игі іс ауылдан шыққан, танымал ұлағатты ұстаздарды ұлықтау, оларды насихаттау, мұғалімдердің мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету мақсатында қолға алынған болатын. Аллеяны жасақтауға мектеп түлектерімен қатар ұстаздардың ұрпақтары және ауылдан шыққан бірқатар азаматтар
|
|
Обновлено 27.05.2025 12:04 |
|
Толығырақ...
|
|
Дін мен дәстүр сабақтастығы - маңызды тақырып. Өйткені соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде Исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен надандық дәуіріне тартады. Бірі қазақ халқының негізгі діні бақсылық десе, енді бірі қазақ сахарасында басқа да діни дәстүрлер басым болды, қазақ мұсылманшылықтан алыс болды деген негізсіз пікірлерін тықпалайды. Ар-ожданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең-байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет. Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн. Тарих беттерін парақтап отырсақ, сонау 751 жылы Талас өзені бойындағы Атлах шайқасында ақиқат пен жалғанның ара-жігі
|
|
Толығырақ...
|
|
Ақиқат! Не ол? Шындық па? Шындық болса шындықты қалай ұғамыз? Шындық дегеніміз мәңгі болу емес пе? Ал мәңгілік кімге жарасады, тек қана Аллаға. Ақиқат бізде, ақиқат осында деп әркім бұл ұғымды белгілі бір топқа, белгілі бір мекенге, белгілі бір адамның білім деңгейіне сілтейтін болса, онда ақиқаттар мағынаға ауысқаны немесе мазақ түрге айналғаны. Ақиқатты көбінесе бір жақты әрі шектеулі жүйемен түсіндіру нағыз білімсіздіктің төменгі сатысы деп түсінемін. Өйткені ақиқат, адамзаттың адамгершілік құндылықтарын сақтайтын әрі реттейтін бүкіл өмірдің жол кестесі. Мұсылмандарға Ислам дінінің жетегіндегі «мустақим» жолы берілген. Міне нақ осы жол тікелей ақиқатқа жеткізбек. Алланың құзырына апармақ. Ақиқат ішіндегі мәңгілік сыры осында болса керек. Егер шынайы мұсылман ақиқатты білгісі келсе, біріншіден өзін танысын. Әлемге қарасын, ойлансын, зерттесін және білімді өз жауапкершілігіне сай
|
|
Толығырақ...
|
|
Көктем-күз маусымында қарқынды қансыраумен жоғары өлім жағдайларымен айқындалатын аса қауіпті ифекцияның табиғи ошақтары аудан аумағында да тіркелуде. Ауруды тасымалдаушылар көбінесе – иксод кенелері. Тағы басқа да тасымалдаушылар – тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит ретінде орналасып ауру таратады. Негізінен ауыл шаруашылық жұмыстарымен айналысатын тұлғалар көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады. Ауру бір адамнан екінші адамға жұғады. Клиникалық көріністері: Созылмалы (көрінбейтін кезең) ұзақтығы 1-14 тәулік. Басталу кезеңі 9 күнге дейін созылады. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 Келесі > Соңғы >>
|