Онлайн газет



БІРЛІК САЛТАНАТ ҚҰРҒАН КҮН

Өткен аптаның жұмасында Қазақстан халқының бірлігі күні аудан орталығындағы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта кеңінен аталып өтілді.
Алдымен аудан әкімі Олжас Баққараев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев бастаған зиялы қауым өкілдері ұлттық этномәдени бірлестіктерінің көрмесімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты. 
Одан кейін мерейлі мерекеге арналған “Бірлігіміз жарасқан” атты түрлі ұлт өкілдерінің концерттік бағдарламасының шымылдығы мың бұралған бишілердің орындауындағы әсем бимен түрілді.
Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Олжас Баққараев жиналғандарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен

Обновлено 05.05.2026 11:55
Толығырақ...
 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Үстіміздегі жылдың  29-30 сәуір күндері  Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында  Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик, ұлт мақтанышы Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына арналған "Саз әлемінің сардары"  атты республикалық қазақ халық аспаптық ансамбльдер байқауы өтті.
Байқауға Жамбыл облысының атынан Байзақ аудандық Әль-Фараби атындағы мәдениет үйінің

Обновлено 05.05.2026 11:48
Толығырақ...
 
«ОЛИМПИАДАНЫҢ ТҰҢҒЫШ АЛТЫН МЕДАЛІН АЛҒАНЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӨМІРІ ҰМЫТПАЙДЫ...»

ЖЕРЛЕСІМІЗ, ДАҢҚТЫ БАЛУАН ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ КЕМЕҢГЕР БАСШЫ Д.А.ҚОНАЕВ ОСЫНДАЙ БАҒАСЫН АЙТҚАН

 

Бүгінде ақсақалдық жасына жеткен аға буын өкілдері Мәскеу Олимпиадасында қазақтан тұңғыш алтын медаль иегері шыққанын жақсы білері ақиқат. Ол - сол 1980 жылы жиырма тоғыз жаста болса да, спорттағы жарқын жетістіктерімен танылған балуан, Байзақ (ол заманда Свердлов атында) ауданының тумасы Жақсылық Үшкемпіров болатын. Сол тұста аудандық газетте істейтін журналист маған балуанға жерлес  жанкүйерлердің Олимпиада ойындары өтіп жатқан күндері қандай күйде болғаны жақсы белгілі.
Қазіргідей компьютер, ұялы  телефонның жоқ кезі. Құдіретті Одақтың астанасы - Мәскеу жаңалықтары алдымен Бүкілодақтық радио арқылы берілетін, содан соң  теледидардан көріп, газеттерден оқитын едік. Аудандық газеттер ТАСС пен Қаз ТАГ сынды жаңалықтар таратумен айналысатын агенттіктердің жібергендерін күтетін...
Олимпиада ойындарының басталғанына  бесінші күнге ауғанда, 23 шілдеде Бүкілодақтық радиодан берілген «классикалық күрестен әлем чемпионы анықталды. Ақтық белдесуде болгар  палуаны Павел Кристовты ұтқан қазақстандық

Обновлено 05.05.2026 11:46
Толығырақ...
 
ЖҰРТЫНЫҢ МАХАББАТЫНА БӨЛЕНГЕН ДАРЫН

Бұл дүниеде халқының сый-құрметіне бөленіп жүрген, атағы ел ішіне кеңінен танымал өнер иесі туралы суырылып, өзгеден ерек көзқарас білдіру қиын. Ал егер, сол адам өзіңнің ең жақын жан бауырың, тетелес өскен ағаң болса оның жауапкершілігі, тіпті арта түспек. Олай болатыны, айтар лебізің, ол туралы пікірің бұра тартқан өзімшілдіктен туындамауы керек. Мүмкіндігінше, ел көзқарасымен үйлесе, үндесіп жатуға тиіс. Оған деген халқының махаббатымен орайласа тоқайласқаны неғұрлым шынайырақ, неғұрлым қисынды болар еді деп ойлаймын.
Дей тұрсақ та, бір нәрсені сеніммен айта аламын,- мен жоғарыда айтқанымдай, тетелес өскендігімнен бе екен, әлде, не болмаса, Есағаңның өнеріне деген қылаусыз сүйіспеншілігімнен бе екен, өз басым, ес білгелі оның шынайы жанкүйері болып келе жатырмын. Оның екі түрлі себебі бар: біріншіден, біздерді алақандарына салып, әлпештеп өсірген, осы күнімізге жеткізген ардақты әкеміз бен аяулы анамыз, екеуі де өнер десе ішкен асын

Обновлено 05.05.2026 11:40
Толығырақ...
 
ОТАНДЫ ҚОРҒАУ - ҚАСТЕРЛІ БОРЫШ

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгінген ер ғана нағыз азамат». Бұл-Бауыржан Момышұлы айтқан ұлағатты сөздер. Осы бір нақылдар әрбір жас сарбаздың жүрегінде темірқазықтай берік орнауы тиіс. Себебі, Отанға адал қызмет ету – жай міндет емес, ол-ар мен намыстың таразысы.
Мен, Иманғали Кәрібай, Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан ауылының тумасымын. Туған жердің қара топырағында жүріп бойыма сіңген ең асыл қасиет – елге деген сүйіспеншілік. Сол сезім мені саналы түрде әскер қатарына алып келді. Бүгінде Талдықорған қаласындағы Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтеп жүрмін. Бұл-жауапкершілігі ауыр, бірақ абыройы биік жол.
Әскери өмір адамды өзгертеді. Ол сенің әлсіз тұсыңды көрсетіп қана қоймай, оны жеңуге үйретеді. Тәртіпке бағыну арқылы сен еркіндіктің шын мәнін түсінесің. Күн сайынғы жаттығу, саптағы қатаң тәртіп, командирдің талаптары-мұның бәрі мені шыңдап, жігерімді қайрап келеді.
Менің мінезімнің қалыптасуына спорттың, соның ішінде грек-рим күресінің әсері зор. Бұл спорт

Обновлено 05.05.2026 11:34
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін181
mod_vvisit_counterКеше2727
mod_vvisit_counterОсы аптада5263
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда18864
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3996956

Серіктестер