|
Адамның ғұмыры жылдармен ғана өлшенбейді. Оның өмірден өткен жолы, елге сіңірген еңбегі, артында қалдырған жақсы аты мен адамға жасаған жақсылығы арқылы бағаланады. Кей адамдардың ғұмыр жолына қарасаң, туған жері мен қызметі, отбасы мен ел алдындағы еңбегі бір арнаға тоғысып жатады. Бақтияр Мұратұлы Ақбаевтың өмір жолы да осындай. Биыл Байзақ аудандық мәслихатының төрағасы Бақтияр Мұратұлы 63 жасқа толып отыр. Бұл адамның өткеніне көз жүгіртіп, өмір жолына ой салатын, көргені мен түйгені
|
|
Обновлено 25.09.2026 10:40 |
|
Толығырақ...
|
|
Отбасы – қоғамның берік негізі. Ал сол шаңырақтағы тыныштық пен өзара сыйластықтың сақталуы – әрбір отбасы мүшесінің ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігін талап ететін маңызды мәселе. Осы орайда Көктал ауылындағы мәдениет үйінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында аудандық әйелдер форумы өтті. «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында өткен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам мәселесі» атты жиынға аудан әкімінің
|
|
Обновлено 25.09.2026 10:40 |
|
Толығырақ...
|
|
Кеңесбай Бахтияров – сексеннің сеңгіріне аяқ басқалы отырған ауданымыздағы Абыз аталардың бірі. Саналы ғұмырында маңдай терін ел игілігіне арнап, еңбек пен қоғамдық қызметті азаматтық парыз санаған ардагер. Адамның ғұмыры – артында қалдырған ізімен өлшенеді. Біреудің өмір жолы қызметімен көрінсе, енді біреудің елге жасаған еңбегі, адамға деген ықыласы, қоғамдық іске деген жауапкершілігі арқылы бағаланады. Кеңесбай ағаның өмір жолына зер салсақ, оның ғұмырының өзегінде еңбек, жауапкершілік, елге қызмет ету және адамға жақсылық жасау деген ұғымдардың қатар өрілгенін аңғарамыз. К.Бахтияров 1947 жылдың 20 қазанында Үлгілі ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыстан кейінгі ауыр жылдардың салмағын көрген қарапайым еңбек адамдарының отбасында өскен бала үшін өмірдің әр белесі оңай болған жоқ. Бірақ сол кезеңнің қиындығы оның бойына төзімділік пен еңбекқорлықты ерте сіңірді. 1955 жылы өз ауылындағы мектептің бірінші сыныбына
|
|
Обновлено 25.09.2026 10:37 |
|
Толығырақ...
|
|

Отбасы күніне орай Юсупбаевтар шаңырағына арнайы құрмет көрсетілді. Отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі құндылық. Береке-бірлік пен өзара сыйластықты ту еткен әрбір шаңырақ – қоғамның берік негізі. Ал өнегелі отбасыдан тәлім алған ұрпақ елдің ертеңіне қызмет етері сөзсіз. Отбасы күніне орай Отбасын қолдау орталығы Байзақ ауданындағы өнегелі әулеттердің бірі – Юсупбаевтар отбасына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Кездесу барысында отбасы мүшелерімен жылы жүздесіп, шаңырақтың тыныс-тіршілігі, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен қалыптасқан дәстүрлері жөнінде әңгіме өрбіді. Юсупбаевтар әулетінің отағасы
|
|
Обновлено 25.09.2026 10:33 |
|
Толығырақ...
|
|
Бүгінде қаладағы жалдамалы пәтерлерде тұратын студенттер арасында жаңа “сән” пайда болды - клининг қызметін шақыру. Еден жууға, ыдыс жууға ерінген жастар телефон соғып, өз орнына басқа адамды жалдайды. Оның ақысын кім төлейді? Көбіне- ауылда отырған ата-ана. Әрине, “уақытым жоқ” деген сылтау бар. Сабақ, жұмыс, емтихан. Бірақ шындыққа тура қарайық: 20 шаршы метрлік бір бөлмені жинауға 40 минут жетеді. Ал 40 минут уақыты жоқ студент - ертең 40 адамға жауапты болатын
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңғы >>
|